өзін өзі бағалау 2022-2023 оқу жылы » КГУ Маралдинская СШ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы білім бөлімінің
"Маралды орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72343) 2-10-86
Есепші бөлімі:
+7(72343) 2-10-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » өзін өзі бағалау 2022-2023 оқу жылы
20
июнь
2023

өзін өзі бағалау 2022-2023 оқу жылы

1 Бөлім. Білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары


Аудандық білім бөлімінің проблемалық тақырыбы:

Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу

Мектептің проблемалық тақырыбы: 

«Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзылеттілігін қалыптастыру»

2022-2023 оқу жылында мектеп қызметінің төмендегідей мақсат пен міндеттері қойылған:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету.
  • Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіктерін дамытуға жағдай жасау.
  • Оқытуды оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы бағдарламалар құру, ғылыми әдеби оқулықты пайдалану, дидактикалық материалдармен оқу әдістемелік кешен құру;
  • Білім беру бағытының жекеленуін нақтылау (жаңа ақпараттық технологиялар);
  • Білім мазмұнын жаңарту (вариативтік,  тереңдетіліп оқытылатын қосымша пәндер енгізу);
  • Әр оқушының білім деңгейін көтеруге шығармашылық қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген диагностика жүйесін жетілдіру;
  • 9,11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға, мамандық таңдауға байланысты дайындық жұмыстарының әдіс-тәсілдерді жетілдіру;
  • Педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметін талдау.

Нәтижесінде:


Педагогикалық ұжым «Білім туралы заңды», Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Еңбек туралы», «Тіл туралы» заңын, мектеп жарғысын, әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып 2022-2023 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балалар толығымен оқумен қамтамасыз етіліп, оқулықтарын түгендеп, оқушылардың бос уақытын есепке алып, үйірмелер мен секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды менктептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Мектеп өткен оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2021 жылғы 12 қарашада бекітілген 2022 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде, 2022 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Аттестаттаудың  ережесіне сай  мектептің барлық жұмыстары жан-жақты тексеріліп, нәтижесінде аттестатталды.

Оқу жылына мектепішілік бақылау жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 (2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы өзгерістермен) бұйрығына 17-қосымшаға сәйкес жасалады. Мектепішілік бақылау МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарларының, Үлгілік оқу бағдарламаларының, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың, оқушылардың жеке істерінің және т.б. орындаған жұмыстарын тексеруді қамтиды. Мектепішілік басқару мен бақылау мектептің оқу –тәрбие жұмысының мазмұнды ұйымдастырылуын, оқушылардың білім сапасы мен дағдыларының қалыптасуы және білім, тәрбие берудің мемлекеттік саясатының жүзеге асуын қадағалайды. Оқу үдерісіндегі дұрыс және жүйелі түрде жүргізілген бақылау арқылы жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктері дер кезінде анықталып, түзетулер мен болжамдар жасауға негіз болады.

Өткен оқу жылындағы мектепішілік бақылау мен басқарудың мақсаты:  білім мазмұнын жетілдіру, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету; оқу жоспарының инварианттық және вариативтік бөліктерінің, сонымен қатар оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарының толықтырылуын қамтамасыз ету. 

Міндеттері: 

•Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде МЖМБС-ны іске асыру үшін ұйымдастырушылық-басқарушылық, әдістемелік, педагогикалық жағдайлар жасау.

•Мектеп оқушыларымен оқу және тәрбие сабақтарының барлық түрлерін өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету; оқу процесіне озық педагогикалық тәжірибені енгізу негізінде оқу сабақтарын өткізу сапасын арттыру, МЖМБС жүзеге асыру негізі ретінде іс-әрекет үлгісіндегі жаңа педагогикалық технологияларды, оқу үдерісін ұйымдастырудың белсенді әдістерін енгізу.

• Оқу үдерісіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (соның ішінде қашықтықтан) сақтау және дамыту, оқу (жалпы және пәндік) және жалпы пайдалану АКТ - құзыреттілігін дамыту.

• Білім алушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектептің, отбасының және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылына жағдай жасау; мектеп пен отбасының әлеуметтік әріптестігінің сапасын арттыру және білім беру процесінің барлық субъектілерінің шығармашылық өзара іс-қимылын дамыту үшін жағдай жасау.

              Мектепішілік бақылау келесідей бақылау түрлері бойынша іске асырылды:

-  мектеп құжаттарының жүргізілуін тексеру. 

Мектеп құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі  № 472 (2022 жылғы 27 тамыздағы № 382) бұйрығына   сәйкес жүргізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мектеп алды даярлық сыныбы мен «Балдырған» шағын орталығы қызмет етеді. Оқу жұмыс жоспары мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына  2-қосымша (09.09.2022 № 394 өзгертулермен) сәйкес жасалған. (орта топ 3-4 жастағы балалар), ал МАД тобына арналған оқу жоспары ( 5 жастағы балалар) ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 № 394 бұйрығы негізінде жасалған. «Балдырған» шағын орталығы мен мектепалды даярлық тобында жылдық перспективалық жоспар мен апталық циклограмма бағдарламаға сәйкес құрылған. Күн тәртібі оқу жұмыс жоспарына сәйкес құрастырылған, ұйымдастырылған оқу   қызметі жоспар бойынша іске асырылады. 

1-4 сыныптар Бастауыш білім берудің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген (1-қосымша) үлгілік оқу жоспарына сәйкес; 5-9 сыныптар осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес; 10-11 сыныптар 86-қосымшаға сәйкес  жасалған негізгі, орта білім берудің үлгілік оқу жоспары бойынша оқытылуда.   

Сабақ кестесі мектептің материалдық жабдықталуын және педагогикалық құрамды ескере отырып барлық санитарлық нормаларды сай құрылған.  Сабақ кестесінде де, оқу жұмыс жоспарында да инварианттық және вариативтік компоненттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталды. Жыл басында кәсіподақ ұйымының төрағасымен келісіліп, мектеп басшысымен бекітілді. Өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда әр тоқсанның басында сабақ кестесіне өзгерістер енгізу жағдайлары да орын алған кездер де болды. 

Өткен оқу жылында мектепте оқу процесі бескүндік бойынша, бір ауысымда жүргізіледі. Сабақ теңертең сағат 8.00 басталады. Үзілістер ұзақтығы 10 минуттан және екі үзіліс 15  минуттан болды. Сондай-ақ келесі міндетті құжаттар үнемі бақылауда болды.

– электрондық сынып журналы(kundelik.kz); 

– тақырыптық-күнтізбелік жоспар; 

– күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар); 

– критериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және жиынтық бағалау); 

– білім алушылардың күнделігі, жеке іс қағаздары. 

Электрондық журнал жылына 4 рет және күнтізбелік жоспар 2 рет тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, оқушылардың күнделіктерінің жеке істерін тексеру бақылауға алынды. Тексерулердің нәтижелері мен ескертулері директор жанындағы кеңесте айтылды. Оның уақытылы толтырылуы да қатаң бақылауда болды. Апта сайын қорытынды мониторинг жасалынды. Сынып жетекшілер тарапынан толтыруға қажетті мәлеметтер уақытылы толтырылады, оқушылардың жеке бас іс-қағаздары ретке келтірілген,  барлық оқушыларды күнделіктері бар және ол сынып жетекшілермен жүйелі түрде тексеріліп отыратыны байқалды.  Мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары толық,  әдістемелік нұсқаулық хатқа сәйкес. 

- сыныптық бақылау;

Жылдағыдай 1 сыныптың оқуға бейімделуін бақылау, оларға психологиялық педагогикалық сүйемелдеу мақсатында қазан айында мектепішілік бақылау болды. Сәуір айында қорытынды бақылау жүргізілді. Мектеп психологы социометриялық тест алды, мектеп әкімшілігі сабақтарына қатысты. Нәтижесінде бірініші сыныптың оқуға бейімделуі жақсы деп бағаланды. Сонымен қатар 5 сыныптың да орта буынға бейімделуі бақылауда болды. Төртінші тоқсанда мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері бірлесіп 4 сыныптан математикадан бақылау жұмысы, қазақ тілінен диктант, жаратылыстану пәнінен тест жұмысы, оқу дағдысы тексерілді. Нәтижесінде сыныптың білім, білік деңгейі жақсы деп бағаланды. Бірінші жарты жылдықта білім сапасы өте төмен болған 10   сынып та мектепішілік бақылауға алынды. Нәтижесінде оқушылардың тәртібі жақсарып, білім сапасы артты. Сыныптық бақылаудан мемлекеттік қорытынды аттестаттау тапсыратын 9, 11 сыныптарда тыс қалмады. Бақылау арқылы сынып жан-жақты тексеріліп, пәндер бойынша білімдеріне мониторинг жасалып,  сынып жетекшіге, пән мұғаліміне сыныптың ерекшелігіне, деңгейіне байланысты ұсыныстар айтылып отырды. Тексеру нәтижесінде 10 сыныптың білім сапасы артты. Жалпы  сыныптарда жақсы оқитын оқушылардың деңгейлері бірдей екені байқалды, сыныпты биікке көтеретін  лидер жоқ. 

  • пәндік бақылау;

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес пәндік бақылаулар жүргізілді. ҚГБ пен ЖМБ бойынша екіге бөлініп бақыланды. Бұл ретте пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуі, дәптерлері, зертханалық және практикалық жұмыстардың талапқа сай орындалуы, оқушылардың эссе жазуы мен оқу дағдысы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстар пән мұғаліміне ескертіліп, директор жанындағы кеңесте қаралып отырды. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің ҚМЖ талапқа сай құрылып, кезеңдері сақталған, оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаты дұрыс қойылған. Мұғалім түрлі әдіс тәсілдерді қолданады. ҚГБ пәндер бойынша ортақ кемшілік: оқушылардың тілдік қорларының аздығы, өз ойларын толық жеткізе алмауы. ЖМБ пәндері бойынша: физика, биология, химия пәндері бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарда көрнекілік пен АКТ аз қолданылады.

- арнайы бақылау;

2022-2023 оқу жылы ішінде осындай тексерулер жүргізілді:

  1.  жалпы білім беру стандартының орындалуын тексеру 
  2.  оқу кабинеттерінің барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасына сәйкестігін тексеру 
  3. факультатив сабақтардың жүргізілу деңгей ін бақылау

4) инклюзивті білім беруді тексеру 

Арнайы бақылау нәтижесі бойынша анықталғаны:

1. ҮОЖ сәйкес барлық пәндер оқу бағдарламаларының стандартын ұстанды. Барлық БЖБ және ТЖБ , зертханалық және практикалық жұмыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалды. Мерзімдері бойынша алшақтықтар байқалған жоқ;

2. Әр тоқсанның басында оқу кабинеттеріне , олардың санитарлық-гигиеналық жағдайына және қауіпсіздік техникасының сақталуына әкімшілік тексеру жүргізілді. «Үздік кабинет» байқауы өткізіліп, нәтижесінде МАД тобының кабинеті үздік деп танылды. Кабинет меңгерушісі Қосанова Г.С.  

3. Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес факультативтік сабақтар тексерілді. Төмендегідей факультативтер жүргізілді.

ҚР Оқу-ағарту министрінің  2022 жылғы  № 365   бұйрығына 1-қосымша; ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы 1-қосымша бойынша бастауыш білім берудің жұмыс оқу жоспарына сәйкес: 1-4 сыныптарда

Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар

1 с

2с

3с

4с

«Математика және логика»

1

1

1

1

Бастауыш сыныптарда вариативтік сабақтарды сынып жетекшілер жүргізді. 

ҚР Оқу-ағарту министрінің  2022 жылғы  № 365   бұйрығына 6-қосымша;ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы 6-қосымшасы бойынша негізгі орта білім берудің жұмыс оқу жоспарына сәйкес: 


5с

6 с

7с

8с

9 с

Жаһандық құзыреттілік

0,5

0,5

0,5

0,5

1



Бұл сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеуханова Ж.Қ жүргізді.

ҚР Оқу-ағарту министрінің  2022 жылғы  № 365   бұйрығына 86-қосымша;ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы 86-қосымшасы бойынша орта білім берудің жұмыс оқу жоспарына сәйкес:


10с

         11с

Жаһандық құзыреттілік

1

           1

«Химия және қоршаған орта»

1

           1

«Биология өмірімізде»

1

           1







Вариативті және таңдау пәндерінің жүргізілуі үнемі бақылауда болды, әсіресе сабақтан тыс уақытта болатын вариатив сабақтарға оқушылардың себепсіз қалмауы сынып жетекшілердің, мектеп әкімшілігі тарапынан да назарда болды. Сабақтарға қатысып, пән мұғалімдеріне ескертулер мен ұсыныстар берілді, нәтижелері отырыстарда қарастырылды. 

4. Инклюзивті білім беру ерекше бақылауда болды. Мектепте инклюзивті бағдарлама бойынша білім алатын 1 оқушы 9-сынып оқушысы Жагдай А. Мұғалімдерге осы сыныптарда конструктивті оқыту үшін ұсыныстар ұсынылды. Мектеп әкімшілігі осы сыныптың сабақтарына қатысып, инклюзивті білім беру оқушыларына мұғалімдерді оқытудың тәсілдері мен әдістерін тексерді. Барлық арнайы бақылау бойынша мектеп әкімшілігі анықтама жазып, кеңестерде қаралып, кемшіліктер мен ұсыныстары айтылып отырды.


Оң нәтижелер: 

            Білім туралы нормативтік құжаттарды орындауға бағытталған мектеп қызметін ұйымдастыру дұрыс жолға қойылған. «Kyndelik.kz» электронды журналының толтырылу үнемі жоғары деңгейде. Мектепішілік бақылауға сәйкес сыныптардың, пән мұғалімдердің сабақтарына кесте бойынша қатысып, талдау жасалынып отырды. БЖБ, ТЖБ жұмыстары талапқа сай алынды. 

Кемшіліктер: 

 Сабақтарға қатысу барысында үлгерімі төмен оқушылармен  жұмыстың жеткілікті деңгейде емес екені байқалды. 11 сынып ҰБТ қорытындысын талдау бойынша биология, физика, математика таңдау пәндерінен көрсеткіштер төмен екені байқалды. Оқушылар жылдық бағаларын ақтай алмады. 


Ұсыныс:

            Мектепішілік бақылауды жоспар бойынша жалғастыру. Үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу. Бітіруші сыныптарда биология, физика, математика пәндері бойынша бақылауды күшейту.



2 бөлім. Оқыту және білім беру


2.1 Мектеп жасындағы балаларды жалпы міндетті оқумен қамту


Жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру мақсатында мектепке қарасты тұрғылықты жер 4 мөлтек ауданға бөлінді. Мөлтек аудандардағы оқушылардың оқуымен қамтылуына байланысты жүргізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты:

-мектепке бекітілген мөлтек аудандардағы балалардың тізімін алып, санын нақтылау және жалпы оқумен  қамтылуын, басқа мектептерде оқитын мектеп жасындағы балалардың тізімін анықтау;

-мөлтек аудандарда тұратын тұрғындардың әлеуметтік жағдайының мектеп контингентіне тікелей байланыстылығын ескере отырып, әлеуметтік жағдайларын анықтау.(тұрмыс жағдайы, ата-аналардың жұмыспен қамтылуы, жанұя категориясы және т.б.)

-мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен сұхбаттасу, жаңадан көшіп келген және туған сәбилерді есепке алу.

Алынған есеп бойынша мектеп қабырғасында білім алатын оқушылардың 8 патронаттық тәрбиеде, 50 оқушы әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жанұя балалары, 14 отбасы көп балалы жанұя. Әлеуметтік педагог жыл көлемінде жоспар бойынша жұмыстар атқарады.

Жыл басында мектепте 1-11 сыныптарда 77 оқушы, мектепалды даярлық сыныбында 10, «Балдырған» шағын орталығында 25 тәрбиеленуші есепке алынған.

Биылғы оқу жылында үйден оқитын оқушы жоқ, денсаулығына байланысты инклюзивті білім беруге жататын екі оқушы бар. Сонымен жыл соңында мектепте 1-11 сыныптарда 77 оқушы және МАД тобында 10 оқушы болды. 

Күнделікті оқушылардың шағын орталыққа, мектепке келу мониторингісі жасалып, келмеген оқушылардың себебі бірден анықталып, сынып жетекшілерінен түсініктеме алынады. Жыл көлемінде оқушылардың босатқан сабақтарының саны  3579   сағат,   оның ішінде себепсізі – 92 сағат. Себепсіз сабақ босатулар 3,6,9 және   10 сыныптарда болған. Сол себепті денсаулығына байланысты мұғалімдердің де сабақ ботулары болды. Уақытында сабақтары ауыстырылып, кесте бойынша сабақтар жүргізілді.

Оң нәтижесі:

1.    Мөлтек аудан бойынша ата-аналармен жұмыс жасалды.

2.  Мектепке келе алмай отырған оқушы болған жоқ.  Барлық оқушылар оқулықпен қамтылды.

Кемшілік:

1.  Ұстаздар арасында денсаулығына байланысты сабақ босатулары болды.

2.  Шағын орталыққа 25 тәрбиеленушілердің тұрақты түрде келмеуі.

Кемшілікті жою мүмкіндігі: шағын орталыққа келетін тәрбиеленушілердің нақты келетіндерін ғана тізімге алу. Оқушылардың сабаққа келуін күнделікті назарда ұстау.

Жылдар бойынша оқушылар контингентінің өзгеруі


Оқыту кезеңдері

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

2022-2023 оқу жылы

саны

саны

саны

оқушы

сыныптар саны

оқушы

сыныптар саны

оқушы

сыныптар саны

Мектеп алдындағы

4

1

10

1

8

1

Бастауыш мектеп

36

4

25

4

27

4

Негізгі мектеп

34

5

37

5

37

5

Орта мектеп

16

2

15

2

11

2

Мектеп бойынша барлығы

86+4

12

77+10

12

75+8

12

Мектеп оқушыларының сыныптар бойынша саны:

Сыныптар

Жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

барлығы

2020-2021 

7

10

9

10

6

7

7

5

9

8

8

86

2021-2022

3

7

7

8

11

7

7

7

5

9

6

77

2022-2023

10

3

7

7

8

10

6

7

6

3

8

75


Мектепалды даярлық тобы бойынша:


Оқу жылы

Қамтылған жасы 

Оқушы саны

2020-2021

5-6

4

2021-2022

5-6

10

2022-2023

5-6

8


2.2 Білім берудің мазмұны мен сапасына талдау


2022-2023 оқу жылында білім сапасы 66,6% құрап отыр. Мектеп бойынша оқу озаттарының саны -13, ал екпінділер саны – 33, үлгермеуші оқушы жоқ. Оқу бағдарламасы барлық пәндер бойынша толығымен орындалды. Биылғы оқу жылында мектебімізде  «Алтын белгі» белгісін ешкім алған жоқ .   


 


3 жылдың салыстырмалы білім сапа көрсеткішінен мектептің білім сапасында осы жылда 2 процентке көтерілді. 


Сыныптар бойынша  білім сапасы


  Бастауыш сыныптарда білім сапасы  2 сыныпта тұрақты емес, бірінші тоқсанымен салыстырса екінші тоқсанда 15 процентке түскен 3, 4 тоқсанда  он процентке көтерілген. Сынып жетекшісі педагог-сарапшы санатты бастауыш сынып мұғалімі Какимова Р.К. 

3 сыныпта   10% -ке көтерілген. Сынып жетекшісі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Мамиева А.З. Үздік оқитын 3 оқушы: Айдархан А.,Бейсембаев А, Болатбек Б.

4 сыныпта білім сапасы тұрақты, сынып жетекшісі педагог-сарапшы санатты бастауыш сынып мұғалімі Кожакова Б.А. Үздік оқитын 1 оқушы: Тұхметолда   Б. 

Ал орта буынға келетін болсақ,  5 сыныптарда білім сапасы тұрақты 62%. Сынып жетекшісі бірінші санатты   Елеуханова Ж.К. Үздік оқитын   оқушы 2:  Қалиғожина І., Рамазанова А. 

6 сыныптарда білім сапасы 65 %. Сынып жетекшісі педагог-модератор   Есимова Ш.Н. Үздік оқитын  оқушы 1 : Тоқтарбаева З.

7 сыныптарда ең жоғары білім сапасы  100%. Үздік оқитын  оқушы 2 : Айдархан А., Қаирғазина Т. Сынып жетекшісі педагог-модератор   Мухуметжанова Г.К. 

 8 сыныптарда білім сапасы тұрақты 71 %. Сынып жетекшісі педагог-сарапшы Бексолтанова А.К. Үздік оқитын  оқушы жоқ.   

9 сыныптарда білім сапасы  3 тоқсаннын  66 %.тен    4 тоқсанда 50%ке  түскен.Сынып жетекшісі педагог  Дюсупова А.К.. Үздік оқитын  оқушы : 1. Шакерова А. . Қорытынды аттестаттаудан кейін ол ерекше үлгідегі аттестат алды.

Жоғарғы буында 10,11-сынпатарда білім сапасы түскен

10-сыныпта ең төмен білім сапасы 33%. Бұл сынып осы оқу жылында мектепшілік бақылауда болды. Педагогикалық кеңесте қарастырылған. Психолог саулнама жүргізген. Мектеп әкімшілігі сабаққа қатысқан. Сыныпта бала саны үшеуі ғана, үздік жоқ, екпінді  бір оқушы. Сынып жетекшісі педагог-модератор  Каирбаева Д.

11-сыныпта  үздік пен екпінді оқушылардың саны тұрақты 62 %. Сынып жетекшісі педагог-модератор   Қорықбасова Қ.Б. Үздік оқитын   оқушы: 2. Қорытынды аттестаттаудан кейін екеуі де ерекше үлгідегі аттестат алды.


 


Пәндер бойынша білім сапасы:

Биылғы оқу жылымен салыстырғанда пәндер бойынша білім сапасы көтеріленген.  Атап айтсақ   қазақ тілі 8%, математика 9%, биология 7%,  oрыс тілі 6%, химия пәнінен 9%, информатика 3%, физика 2% , Қазақстан тарихы 3% көтерілді.

Оқу жылы ішінде пән мұғалімдер ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізді , бұл пәнді оқуда дағдыларды арттыруға ықпал етеді.

Білім сапасының деңгейін арттыруға оқытушылардың әдістемелік жұмыстары да ықпал етті


 


Жиынтық бағалау оқушылардың бөлім бойынша, тоқсан бойынша алған білімдерін бағамдау үшін, оқушылардың оқу үлгерімі  туралы ақпаратты мұғалім мен ата-аналарға жеткізу мақсатында жүргізіледі. Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Жаһандық құзіреттілік» , «Кәсіпкерлік және бизнес», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерінде жүргізілмейді. Бұл пәндерде жартыжылдыққа және жылдыққа «есептелінді» немесе «есептелінген жоқ» белгісі жазылады. Сонымен қатар факультативтік курс пәндері бойынша да жиынтық бағалау өткізілмейді.



2.3 Қорытынды мемлекеттік аттесттау мен ҰБТ нәтижесі


Қорытынды мемлекеттік аттестаттау білім алушылардың негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

       2022-2023 оқу жылында тоғызыншы сыныпты алты оқушы бітірді. Соның ішінде біреуі ЕБҚ оқушы – Жағдай А. Педагогикалық кеңестің шешімімен барлығы мемлекеттік емтиханға жіберілді, бір оқушы үздік аттестаттқа ұсынылды. Емтихан талаптары толық орындалады. 

Нәтижесінде:

 Пәні

Тапсырушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Білім сапасы

Қазақ тілі (эссе) \Елеуханова Ж.Қ\

6

2

2

2

0

66

Алгебра (жазбаша) \Дуйсенова Н.Е\

6

1

3

2

0

66

Орыс тілі мен әдебиеті (жазбаша) 

\Есимова Ш.Н\

6

1

3

2

0

66

Биология (жазбаша)\Қаирбаева Д\

6

1

3

2

0

66

                   Емтихан қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен барлық оқушы негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, бір оқушы үздік аттестат алды.

                   11сыныптың емтихан нәтижесі: он бірінші сыныпты сегіз оқушы бітірді. Педагогикалық кеңестің шешімімен барлығы мемлекеттік емтиханға жіберілді, екі оқушы үздік аттестаттқа ұсынылды. Емтихан талаптары толық орындалады. Нәтижесінде:

Пәні

Тапсырушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

Білім сапасы

Қазақ тілі \Елеуханова Ж.Қ\

8

2

5

1

0

87

Алгебра және анализ бастамалары \Мурзаканова А.К\

8

2

3

3

0

62

Орыс тілі мен әдебиеті \Есимова Ш.Н\

8

4

3

1

0

87

Қазақстан тарихы  \Минаева Н.Т\

8 

5

2

1

0

87

Дүниежүзі тарихы  (таңдау)\\Минаева Н.Т\

2

2

0

0

0

100

Биология  (таңдау)\Қаирбаева Д\

2

0

1

1

0

50

Қазақ әдебиеті (таңдау)\Елеуханова Ж.Қ\

2

1

1

0

0

100

Физика (таңдау)\\Қорықбасова Қ.Б\

2

1

1

0

0

100

            Емтихан қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен барлық оқушы жалпы орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, екі оқушы үздік аттестат алды.

Биылғы оқу жылында мектепті 8 түлек аяқтады. «2021 - 2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына сәйкес және  маусымда №8 педкеңес шешімі негізінде барлығы жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын қолдарына алды. Маусым ауындағы тестілеуге қатысуға 8 түлек өтініш білдірген еді. ҰБТ   төрт рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Бірақ тек  маусым айындағы тест нәтижесі бойынша мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Біздің түлектер қаңтармен наурызда да тестке қатысты. Жыл көлемінде сынып ата-аналарымен, оқушылармен түсіндірме, дайындық жұмыстары жүргізіліп отырды. 

ҰБТ қорытынды балдары төменде көрсетілген. 


ҰБТнәтижесі 2022

 


 


Аты жөні

Тест балл

Қаз тарихы

Оқу сауат

Матем сауат

биология

Дүниежүзі тарихы

география

математ

физика

Қаз яз

Қаз әдеб

Жағдайқызы Жадыра

32

5

7

1

8


11





Кеңесханова Жаңерке

86

10

12

5






30

29

Қалиғожина Ақбота

60

13

12

5

15


15





Мақанова Амина

72

15

14

9




21

13



Нұрбеков  Бекжан

99

17

13

13


26

30





Өмірбеков Жалғас

68

13

15

10


15

15





Өмірзақов Талант

63

12

13

12




16

10



Шавурханова Кристина

22

9

13









максимальный

140

20

15

15

45

45

45

45

45

45

45

минимальный

38-40

6

8

0

13

19

10

15

6

25

29

Қорытынды 

68,6


58,7⁒

82,5⁒

45,8⁒

25,5⁒

45,5⁒

39,4⁒

41,1⁒

25,5⁒

66,6⁒

64,4⁒


Оң нәтиже:

1.Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты толық іске асты.


Кемшілік:


1.5, 8, 10-сыныптарда   білім сапасында динамикалық өсім жоқ.

2.ҰБТ дан  физика, биология  пәндері бойынша ортақ ұпайдың төмен болуы.


Ұсыныс:

1.Жаңа оқу жылында білім сапасы төмен сыныптарды мектепішілік бақылауға алу.

2.Физика, биология  пәндерін мектепішілік бақылауға алу. 

3.Талаптарға сәйкес күн тәртібі мен сабақ кестесін жоспарлау;

4.Мектепшілік бақылауды тиімді таңдау;

5.Мұғалімнің кәсіби деңгейін болжау және диагностикалау;

6.Әр оқушы үшін табыс жағдайын жасау. 



  1. Мұғалімдердің мектеп оқушыларымен жүргізетін оқу, зерттеу қызметінің тиімділігі (пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстар, ғылыми жобалар және т.б.)


Білім алушылардың зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларға қатысу бағыты негізінен 3 ке бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы «Дарын» РҒП орталығының ұйымдастыруымен өтетін негізгі пәндер олимпиадасы мен әртүрлі ұйымдардың өткізетін сайыстары мен жарыстары, «Зерде» ғылыми жобалары мен ғылыми жарыстар  және іштей өтетін пәндік олимпиадалар. Төменде оқушыларды аталған сайыстарға қатысу барысы мен қорытындысы кесте ретінде сандық  көрсеткіштерімен ұсынылған. Қашықтан оқыту процесінде барлық сайыстар интернет желі арқылы арнайы платформада ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеу дағдылары мен сыни ойлаулар қабілеттерін дамытуда ерекше орын алып отыр.

№

Конкурс атауы

Пәні

Қатысушылар саны

Орындар

1

«Малахит»

Математика

40

1 орын- 10

2 орын -7

3 орын-15

2

«Ақбота»


Математика

Жаратылыстану

20

1 дәрежелі диплом: 6 оқушы

2 дәрежелі диплом: 7 оқушы

3 дәрежелі диплом: 3 оқушы

3

«Тұлпар»

Дүниетану

тарих

10

2 орын:3 оқушы

3 орын: 5 оқушы

4

«Лидер»

Қазақ тілі мен әдебиеті

3

1 орын Қаирғазина Т

3 орын  екі оқушы

5

«Мың бала»

Математика

Қазақ тілі

Ағылшын

Жаратылыс.

10

Аудандық 2 оқушы жеңімпаз

Облыстық 1 оқушы жеңімпаз: Тоқтарбаева З

6

«Алтын сақа» (аудандық кезең)

3-4 сыныптар

6

2 орын Болатбек Б, Тұхметолда Б, Қажымхан Ә

3 орын Айдархан А

7

«Бояулар құпиясы»

Суреттер, қолөнер байқауы

18

Барлығы жүлделі орындар алды

8

Ақберен респ.журналы ұйымдастырған «Абай оқулары»

Өлең оқудан онлайн

3

1 сыныптан үш оқушы бірінші дәрежелі диплом

9

«Мағжан оқулары»

Онлайн байқау

1

1 сынып Өмірханов М

10

«Мұқағали оқулары»

Онлайн байқау

1

2 сынып Тоқтарбаев А


2022-2023 оқу жылы «Зерде»

№

Аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Орны

Кезеңі

1

Қалиғожина Інжу

5

Қазақ әдебиеті

3

Аудандық

2

Қажымхан Әлижан

4

Жаратылыстану

3

Аудандық

3

Қадылбекова Шолпан

7

Тарих

3

Аудандық

Ауданда өткен «Әуезов оқулары» байқауында К.Жанерке 1орын, Ш.Кристина 2орынды иеленді. 

Аудандық пәндік олимпиадалар нәтижесі

№

Оқушының аты-жөні

Сынып

Пәні

Орны 

Жетекші мұғалімнің

аты-жөні

1

Болатбек Баян

3

Математика

II

Мамиева А.З

2

Зейнелқабиден Сезім

3

Әдебиеттік оқу

III

Мамиева А.З

3

Тұхметолда Бекарыс

4

Математика

II

Қожақова Б.А

4

Қалиғожина Інжу

5

Қазақ тілі және  әд.

II

Елеуханова Ж.К.

5

Касенов Карим

6

Орыс тілі және  әд.

II

Есимова Ш.Н.

6

Тоқтарбаева Зере

6

Қазақ тілі және  әд.

III

Бексолтанова А.К.

7

Елтай Айым

6

Қазақстан тарихы

III

Минаева Н.Т.

8

Қалибас Балнұр

6

жаратылыстану

III

Мухаметжанова Г.К.

9

Төлеуханов Ерсұлтан

6

математика

III

Мурзаканова А.К.

10

Ерназар Айым

7

Биология

II

Қаирбаева Д

11

Қадылбекова Шолпан

7

Физика

III

Қорықбасова Қ.Б

12

Қаирғазина Толғанай

7

Қазақ тілі мен әд.

III

Бексолтанова А.К.

13

Елтай Аяулым

7

Қазақстан тарихы

II

Минаева Н.Т.

14

Тұхметолда Тоғжан

8

Математика

III

Дуйсенова Н.Е

15

Өмірзақова Талшын

8

География

III

Мухаметжанова Г.К

16

Елтай Риза

8

Химия

III

Дюсупова А.Қ

17

Тұхметолда Аружан

8

Биология

III

Қаирбаева Д

18

Кеңесханова Жанерке Дәулетқызы

11

Қазақ тілі және  әд.

II

Елеуханова Ж.Қ


«Физика» пәні бойынша 11 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық олимпиадада (С.Аманжолов ШҚМУ өткізген) Мақанова Амина II дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша осындай олимпиадада Кеңесханова Ж III дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Оң нәтиже: Биылғы оқу жылында дарынды балалармен нәтижелі жұмыс жасалды. Облыстық олипиадаларға барып қатысып жүлделі орындар алып келді. 

Кемшілік: Оқушылардың ғылыми жобаларды қорғауға қатысуының төмендігі, әсіресе жоғарғы сыныптарда.

Ұсыныс: ғылыми жобаларды ұйымдастыру жөнінде кеңес құру, ғылыми жобаларды жасау бойынша оқушылардың қызығушылығын тудыру. Олимпиадаға дайындықты үнемі назарда ұстау. 



3 бөлім.  Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер


3.1 Педагогтар құрамы туралы мәлімет


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Маралды орта мектебі» КММ мемлекеттік  стандартымен қарастырылған барлық пәндер жүргізіледі. 01.09.2022 жылғы штаттық кестеге сәйкес мектеп директоры–1, мектеп директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1, әскери жетекші-1, психолог-1, әлеуметтік педагог-0,5. 

 Әкімшілік басқару құрамы туралы мәлімет

№

Лауазымы

Мөлшер лемесі

Аты-жөні

Жасы

Білімі, санаты

Жалпы еңбек өтілі

Жетекшілік          еңбек өтілі

Пән

1

Директор 

8

Кәкім Ақылай Мәукенұлы

62

Жоғары, І-санатты

38

26

Көркем еңбек, жаһандық

2

Оқу ісінің меңгерушісі

16

Минаева Найля Тлеугазиновна

50

Жоғары, ІI-санатты

28

2

Тарих 

3

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары


Алимханов Ерик Төлеуханович

60

Жоғары, І-санатты

36

10


4

Оқу ісінің меңгерушісі

16

Мурзаканова Арай Кабдыловна

36

Жоғары педагог-сарапшы

13

3

Математика

Өткен оқу жылында 20 мұғалім, екі тәрбиеші қызмет жасады. Мұғалімдердің ішінде 19 жоғары білімді, біреуі арнаулы орта білімді, екі тәрбиешіде арнаулы орта білімі бар. Педагогтердің жеке іс-құжаттары, еңбек  кітапшалары талапқа  сай  келеді,  мектепте мамандар   есебі   жүргізіледі. Мұғалімдердің жеке істері, еңбек және санитарлық кітапшалары талаптарға сәйкес. Мектептің педагогикалық ұжымының   сапалық   және   сандық құрамының  анализі  үш жылға талдау жасалған. Педагогикалық ұжымның сапалық және сандық құрамның талдауы мектепте қажетті оқу-педагогикалық потенцалдың барлығын көрсетеді, мектепте тұрақты ұжым құрылған. 

Мұғалімдерді жұмыс өтілі бойынша бөлу: 

Оқу жылы

Мұғалім саны


Жоғары 

Арнаулы орта

Жұмыс өтілі

Бір жылға дейін

1-3

3-7

7-10

10-15

15-20

20-25

25-30

30-дан аса

2020-2021

20

19

1

0

1

2

4

5

3

0

0

5

2021-2022

21

20

1

0

1

1

5

5

2

1

1

5

2022-2023

20

19

1

0

0

2

3

7

1

2

1

4


Мұғалімдердің жұмыс өтілінің талдауы бойынша бағаланатын жылдарда еңбек өтілі 4 жылдан 20 жыл аралығындағы мұғалімдердің үлесі 60-70%   құрайды. Бұл дегеніміз, оқушыларға сапалы білім беру үшін мұғалімдердің еңбек өтілі жеткілікті деңгейде. Яғни, мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуіне, өзара іс-қимыл жасау және оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін жеткілікті әлеуеті бар екенін көрсетеді. Өткен оқу жылы бойынша мектепте жас маман жоқ.

Мектепте кадрларды орналастыру дайындық деңгейі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылады. Педагогтер мен мектеп басшылығы жұмысындағы негізгі критерий педагогикалық этиканы сақтау, "білім туралы" заңды, ҚР Еңбек кодексін орындау болып табылады. Мектеп әкімшілігі педагогтардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, шығармашылық жұмыс пен өз бетінше білім алу үшін қолайлы жағдай жасауға тиісті көңіл бөледі. Жалпы алғанда соңғы үш жылда педагог кадрлардың ауыс-түйіс деңгейі тұрақты. 

Жаңа оқу жылына кадрлармен алдын ала жасақтау және оқу жүктемесін бөлу әрбір ағымдағы оқу жылының мамыр-маусым айларында жүргізіледі, бұл мұғалімдерге өздерінің перспективалық жоспарларын құруға және жаңа оқу жылына арналған қызметтің басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді. Әр мұғалімге оқу жүктемесі нақты кәсіби деңгейге сүйене отырып және мектептің кәсіподақ комитетімен келісе отырып, әдістемелік бірлестіктің пікірін ескере отырып анықталады. Оқу сағаттарын бөлу кезінде оқытудағы сабақтастық, педагогтардың біліктілігі, сондай - ақ әрбір мұғалімнің жеке-коммуникативтік қасиеттері ескеріледі. 


Педагог кадрлардың санаты бойынша сандық құрамы 

Оқу жылы 

Жоғары 

І санатты

ІІ санатты

Санатсыз

Педагог - зертеуші 

Педагог  –сарапшы 

Педагог -модератор

Барлығы 

2020-2021

1

4

2

4

0

5

4

20

2021-2022

0

5

1

1

1

6

7

21

2022-2023

0

3

3

1

0

6

7

20


Ағымдағы оқу жылында педагог-зерттеуші санатындағы тарих пәні мұғалімі Қабылқаирова Қ.Қ басқа жаққа қоныс аударуына байланысты жұмыстан шықты  және екі мұғалім аттестациядан өту мерзімінің өтуіне байланысты бірініші санаттан екінші санатқа түсті. Дегенмен, соңғы үш жылда санаты жоқ мұғалімдердің саны азайғанын байқауға болады. МАД тобының тәрбиешісі мен мектептің психологы да «педагог-модератор» санатында.

Өткен оқу жылында үш мұғалім "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу  бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді   және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығына сәйкес үш мұғалім кезекті аттестацияға өтініш берді. Екі мұғалім педагог-сарапшы сантына беріп ПББ тестінен сәтті өтті, біреуі педагог-модератор санатына ПББ тестінен өте алмады. Санатты беру туралы тиісті деңгейдің шешімі тамыз айында белгілі болады. 

            Мұғалімдердің кезекті аттестациядан өтетін кестесі құрылған, уақытында хабардар болып отырады. Сонымен қатар педагогикалық кеңесте аттестация заңына енгізілген өзгерістер туралы таныстырылады. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарына уақытылы баруы да үнемі бақылауда болады. Аудандық білім бөліміне курс мерзімі өткен мұғалімдерге тапсырыс беріледі.







Кадрлардың соңғы біліктілік арттырудан өткені туралы мәліметтер

Р/с

№

Тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда)

Тақырыптың    атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны 

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7

1

Кәкім А.М

Кәсіптік және бизнес негіздері пәні бойынша педагог кадрларды қайта даярлаукурсы

Өскемен

2020ж

Атамекен ҚР ҰКП

108 сағат


Сертификат №00726

2

Алимханов Е.Т

Мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілікті арттыру курсы

Өскемен 2020ж

НЗМ  

ПШО

40 сағат 


Сертификат № 131315

3

Минаева Н.Т

Тарих пәнінің мұғалімдерінің құзіреттіліктерін дамыту

Өскемен

2022 ж

АО НЦПК Өрлеу

80 сағат

№ 0561621

4

Мурзаканова А.К

Мектептегі математика сабағы: басымдылықтар және жетілдіру стратегиялары

Күршім

2022ж

ПШО НЗМ

160 сағат

№2de64e203

5

Жортқамбаев Ә.Ө

Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

Онлайн 2022ж

Bilim Land біліктілікті арттыру орталығы

80 сағат

№457458

6

Мухаметжанова Г.К

«География сабағында белсенді 

оқыту әдістерін қолдану»

Онлайн

2020 ж

 «Өрлеу» ғылыми әдістемелік орталығы

16 сағат


№ 009736


7

Есимова Ш.Н

Развитие предметных компетенций учителей русского языка и литературы в освоении сложных тем в 5-9 классах

Өскемен 2023ж

«Өрлеу» БАҰО» 

80 сағат 

№ 0664710

8

Елеуханова Ж.Қ

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту

Өскемен 2022ж

АО НЦПК Өрлеу

80 сағат

№0559816

9

Бексолтанова А.Қ

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамту

Күршім

2022ж

БАҰО Өрлеу

80 сағат

№0559814

10

Кайсанова К.С

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту

Өскемен 2022ж

АО НЦПК «Өрлеу»

80 сағат


№0494925

11

Дуйсенова Н.Е

Мектептегі мате матика сабағы: басымдылықтар және жетілдіру стратегиялары

Күршім

2022ж

ПШО НЗМ

160 сағат

№2de61c8ad

12

Қорықбасова Қ.Б

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Күршім 2018ж

«Өрлеу» БАҰО» 

40 сағат


№0259063

Курска тапсырыс берілді



5-9 сыныптардағы информатикада пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту

Күршім 2023ж

«Өрлеу» БАҰО» 

80 сағат


№0562746

13

Дюсупова А.К

Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту

Өскемен 2022ж

Өрлеу 

БАҰО

80 сағат

№0494499

14

Қаирбаева Д

 Биология пәні бойынша педагогтердің пәндік құзіреттіліктерін дамыту

Өскемен

2023 ж

«Өрлеу» БАҰО» 

80 сағат


№0664641

15

Қабдолда М.З

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дене шынықтыру» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Өскемен 2019 ж

«Өрлеу» БАҰО» 

80 сағат


№616878

Курска тапсырыс берілген

16

Мамиева А.З

Бастауыш сынып мұғалімдерінің Математика, Қазақ тілі және Әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзіреттіліктерін дамыту

Өскемен

2023 ж

«Өрлеу» БАҰО» 

80 сағат


№0563159

17

Қожақова Б.А

Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Өскемен 2022 ж

ПШО НЗМ

120 сағат

№2е8а402е1

18

Какимова Р. К

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «бастауыш сынып» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Өскемен

2017

Өрлеу  БАҰО

120 сағат

№014594

Тапсырыс берілді

19

Хасенова А.Қ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының ойын құзіреттілігін дамыту

Өскемен

2022ж

Өрлеу 

БАҰО

72 сағат

№0494361

20

Косанова Г.С

Шағын орталық тәрбиешілерінің кәсіби іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Өскемен

2019ж

БАҰО Өрлеу


72 сағат


№0300188

21 

Айманханова А.С

Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзіреттілігі

Өскемен

2022

Өрлеу БАҰО

80 сағат

QR код

22

Сыдықова А.Б

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «бастауыш сынып» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Өскемен

2018

Өрлеу БАҰО

120 сағат

№027717 тапсырыс берілді

Жалпы алғанда педагогтардың болашақта санаттарын көтеріп, мектеп кадрларының сапалық құрамының артуына мүмкіншілік бар.


Білім беру деңгейіндегі педагогтердің сапалық құрамы

Оқу жылы

Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі

Бастауыш білім беру

Негізгі білім беру

Жалпы орта білім беру

2020-2021

4\8(50%)

8\15(53%)

8\16(50%)

2021-2022

5\8(63%)

9\16(56%)

9\17(53%)

2022-2023

4\8(50%)

6\15(40%)

6\16(38%)

Мектепте төрт әдістемелік бірлестік бар: Жаратылыстану-математика пәндері бірлестігі, бастауыш сынып бірлестігі, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі, дене шынықтыру, технология және АӘД пәндері бірлестігі. Әр оқу жылының басында әдістемелік бірлестік жоспары бекітіліп, жыл көлемінде осы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын пәндер бірлестігінің он күндігі өткізіліп тұрады. Соған сәйкес ашық сабақтар, сыныптан тыс іс шаралар жоспарлы түрде жүргізіледі. 

Мұғалімдер өздерінің білімін аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық семинарларға, конференцияларға, педагогикалық оқуларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу арқылы көтеріп отырды. 

Педагогтердің қол жеткізген нәтижелерін сараптай келе, педагогтер іштей олимпиадаларға қатысуына қарағанда, сырттай немесе қашықтық олимпиадаларға қатысуды көп. Іштей көбінде аудандық педагогикалық оқулар қатысу болған. 2021 жылға дейін педагогтерге кез келген олимпиадаларға қатысу мүмкін болса 2021 жылдан бастап аттестаттауда саналатын олимпиадалардың саны шектелді. Соған байланысты педагогтерге тізбеде көрсетілген олимпиадаларға қатысу, ғылыми-әдістемелік сайыстарға қатысу ұсынылады.


№

Аты –жөні

Пәні 

Жетістігі

Деңгейі

1

Хасенова А.Қ

Шағын орталық тәрбиешісі

«Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуда жаңа пед.техн. қолдану» педагогикалық оқу

Аудандық 

3 орын 

(іштей)

2

Какимова Р.К

Бастауыш сынып мұғалімі

«Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудағы әдіс тәсілдер» педагогикалық оқу

Аудандық 

Сертификат

(іштей)

3

Дуйсенова Н.Е

Математика пәнінің мұғалімі

«Педстарт» мұғалімдерге арналған олимипиада

Республикалық 1дәрежелі диплом 

(сырттай)


4

Мурзаканова А.К

Математика пәнінің мұғалімі

«Педстарт» мұғалімдерге арналған олимипиада

Республикалық 2дәрежелі диплом 

(сырттай)


5

Есимова Ш.Н

Орыс тілі пәнінің мұғалімі

«Үздік тіл пәндерінің мұғалімі-2023» 

Аудандық 

2 орын

(іштей)

Сонымен қатар оқушыларды облыстық пәндік сайыстарға дайындап жүлделі орындар алғаны үшін бірнеше мұғалімдер алғыс хатпен марапатталды. 

Оң жақтары: биылғы оқу жылында курсының мерзімі өткен мұғалімдердің басым бөлігі курстан өтіп келді. Екі мұғалім ПББ тестінен сәтті өтті. Жалпы алғанда педагогтардың болашақта санаттарын көтеріп, мектеп кадрларының сапалық құрамының артуына мүмкіншілік бар.

Кемшіліктер: мұғалімдердің зерттеушілік жұмыстармен айналыспауы, авторлық бағдарламалар жасамауы.

Ұсыныс: Мұғалімдердің іс-тәжірибе таратуына баса назар аудару.


3.2 Әдістемелік жұмысқа талдау.


Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.

Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап – әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады.

Біздің мектепте әдістемелік жұмыстың мазмұны білім беру үдерісінің сапасы мен мұғалімдердің біліктілігін көтеруге бағытталған. 

Әдістемелік жұмыстың бірі бұл мектептегі әдістемелік кеңес жұмысы болып табылады. Әдістемелік жұмыстың проблемалық тақырыбы: Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіріп дамытуға тиісті әдістемелік көмек беру.

Осы проблемалық тақырыптың мақсатын шешуде төмендегідей негізгі міндеттер қойылған:

  • Әдістемелік апталықтар мен онкүндіктерді сапалы әзірлеп, өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруде ролін көтеру;
  • Сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету;
  • Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру;
  • Шығармашыл мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау және тарату;
  • Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, есебін жүргізу, құжаттарды реттеу;
  • ОӘК, әдістемелік және дидактикалық материалдар әзірлеу.

Қыркүйек айындағы бірінші әдістемелік отырыста биылғы жылдың жоспары талданып, бекітілді,   2022-2023 әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды.

Сонымен қатар әдістемелік бірлестік жетекшілері мен құрамы бекітілді, жас мамандар тізі мен оларға тәлімгерлер тағайындалды.  Төрт бірлестік құрылып, онкүндіктерінің кестесі бекітілд

















                           


Әдістемелік бірлестік жұмыстары жыл бойы мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес бақыланады. 

Жыл басындағы әр әдістемелік бірлестіктің отырысында факультатив сабақтарының, үйірме сабақтарының, сондай ақ күнтізбелік жоспарлар тексеріліп қаралған. Әдістемелік нұсқаулық хат бойынша жаратылстану пәндерінің зертханалық, практикалық жұмыстарының нормаға сәйкестігі анықталды.

Қараша айындағы отырыста Тілдер бірлестігінің онкүндігіне талдау жасалды. Есимова Ш.Н. «ҚМЖ-ды мектептің проблемалық тақырыбын ескере отырып жоспарлау әдістемесі» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.

2022-2023 оқу жылында   жыл   көлемінде  5 әдістемелік кеңес  отырысы  өткізілді.   Онда өткен  оқу  жылына   анализ, білім  стандартын  оқып   үйрену, әдістемелік  нұсқау  хатпен   танысу, пән  үйірмелері  мен  таңдау  курстарының   жүргізілуі.  пән мұғалімдері Лессон стади бойынша коучингтер өткізді

Оң нәтиже:

1.Мұғалімдер жаңа технология элементтерін пайдалана отырып сабақтарды жоспарлап өткізілді 

2.Оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттыру мақсатынды әртүрлі сайыстар, сыныптан тыс іс шаралар өткізді. 

Кемшілік:

1.Бірлестік мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысу деңгейлерінің төмендігі

2.Мұғалімдердің іс-тәжірибе таратпауы

Ұсыныс:

  1. Әдістемелік бірлестік жұмыстарын жалғастыру, пән апталықтарын өткізу;
  2. Мұғалімдердің іс-тәжірибе таратуына баса назар аудару


4 бөлім. Қолжетімді білім беру үшін жағдай жасау


4.1 Өткен  оқу жылының  тәрбие жұмыстарының қорытындысы


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, руханиадамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары: 1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі; 4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; 5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы; 6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы; 7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы; 8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 9) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 10) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері

Тәрбиенің өзекті тақырыбы: : «Тәрбие жүйесін жетілдіру барысында жас жеткіншектің бәсекелестік қабілетін арттыру».

Мақсаты:

   Оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау,балалардың бойында адамгершілік, құқықтық және азаматтық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру,бос уақыт қызыметін ұйымдастыру және көпұлтты мемлекеттің мәдени -тарихи құндылықтары негізінде білім алушылардың азаматтық -патриоттық сезімдері мен санасын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • Ұмытылған дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған ұлттық тәрбие мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру шеңберіндегі жобаларды іске асыру.
  • «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысы арқылы білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті бойынша жұмысты жетілдіру.
  • Жасөспірімдерде қайырымдылықты,ізгілік,сұлулық және жалпы адамгершілік идеяларын жүзеге асырыруды қалыптастыра отырып «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік қайырымдылық жобалары шеңберінде волонтерлік қозғалысты дамыту.
  • Отбасылық тәрбие,отбасылық құндылықтарды сақтау,ата аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру,сондай ақ әкелердің рөлін күшейту бойынша мектеп жұмысын жүзеге асыру.
  • Кітап оқуды қолдау және беделін арттыру мақсатында жобасын жүзеге асыру.
  • Ұжымдық- шығармашылық істер,үйірмелер ,спорттық секциялар,таңдау бойынша пәндер,тәрбиелік іс шаралар арқылы білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру және қызығушылық ортасын қолдау.
  • Дебаттық қозғалысты,шешендік өнер дамыту:

Күтілетін нәтиже:

  • Ой-өрісі кеңіген , жан-жақты тұлға қалыптасады.
  • Оқушылармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасайды.
  • Жеке бас гигиеналарын ұстануды үйренеді.
  • Ата-анамен жүйелі байланыс орнап,мектеп,ата-ана арасындағы байланыс нығаяды,әрі жаңашыл көзқарастар қалыптасады.
  • Өзін өзі тануға,басқаруға ұмтылады,белсенділіктері артады.

Мектебімізде оқушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған.2022-2023 оқу жылында мектепте төмендегі жобалар іске асырылып ,жұмыстар жүргізілді.

  1. «Мектептің өзін-өзі басқаруы»
  2. « Дебат»қозғалысы
  3.  «Оқуға құштар мектеп»
  4.  «Дәстүр мен ғұрып»
  5.  «Отбасы –мектеп»
  6. « Құқықтық сана-қауымға пана»
  7. « Еңбек –елдің мұраты»
  8. « Үнем –қоғам қуаты»
  9. « Ерте жастан басталатын  экологиялық мәдениет»
  10.  «Қоғамға қызмет»

 Мектеп бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталды

Тұл жетім – жоқ

Патронаттық тәрбиедегі  – 3 оқушы

Толық емес отбасы  -4

Мектепішілік есепте тұрған оқушы - жоқ

Аз қамтамасыз етілген отбасы – 7

Көпбалалы отбасы – 14

Тегін тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны-36 

  «Жалпы оқуды» қамтамасыз етуге арналған шаралар бойынша «Мектепке жол» акциясы, күнделікті оқушылардың сабаққа қатысулары, келмеген себептері анықталып отырылды.   «Мектепке жол » акциясы  қорытындысы бойынша  көрсетілген көмектің жалпы сомасы  -40000     теңге  

Тәрбие үдерісі - бұл тұлғаның тәрбиелік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика-оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргіземіз. Мектепте 1-11 сынып аралығында 11 сынып комплектісі бар.Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. Мектебімізде оқушылардың бос уақыттын тиімді ұйымдастыру үшін   қызығушылығымен және пән бойынша  үйірмелер  өз мақсатында жүргізіліп келеді.   Биылғы оқу жылында  оқушылар қызығушылықтары бойынша баскетбол, волейбол,  үстел теннисі,жеңіл атлетика,шаңғы үйірмесіне 68 оқушы яғни 86%,ал пән бойынша мектеп  үйірмелеріне 56 оқушы. Биылғы оқу жылында «Жас атқыштар, «Шахмат» ,Эколог, «Жас биші», «Жас қалам» үйірмесі жүргізіліп,оқушылар қатысып жүр. 

Мектепте тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие. 

2. Рухани-танымдық тәрбие. 

3. Ұлттық тәрбие. 

4. Отбасылық тәрбие. 

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. 

Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу,құқықтық тәрбие Білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін,құқықтық және азаматтыық сана-сезімді,жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын,парасаттылық пен адалдықты,толеранттылықты, еңбекке деген құрметі, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады,зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың ,әр түрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастыруға бағытталды.

Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиын бірінші сынып оқушылары үшін ұйымдастырылып «Әліппе» оқулығы бүлдіршіндерге табыс етілді. 2-11  сыныптарда «Білімге ұмтылу ,еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді. Мектептің өзін өзі басқару ұйымында  мектеп парламенті түрінде маңызды роль беру ұсынылып ҚР БҒМ 15.02.2021жылғы тұжырымдамасына сәйкес жұмыстар жүргізілуде . 

 Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам  балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемасын белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты мектебіміздің алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл,бастамшыл,өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны,мәдениет адамын тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбие бағытының бірі- білім алушыларға  құқықтық тәрбие беру. «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы аясында білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын  және құқықтық мәдениетін арттыруға  іс-шаралар жоспарланып өткізілуде.

     Жоғары сынып оқушыларына   «Мен және құқығым» тақырыбында  ақпараттық – түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.  Мектеп психологы Айманханова А.С. 8-9 сыныптар арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама жүргізіп, оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын дамыта отырып, нәтижесі бойынша түзету- дамыту жұмыстарын жүргізуде. Желтоқсан айында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата-заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында оқушылардың 5-11 сыныптар арасында “Аяла Ата Заңынды” тақырыбында  тәрбие сағаттары   өтті. 

         Тәрбие сағаттарында  жастарға, дүниеге келген күннен бастап мемлекет қамқорлығында екендіктерін және Ата заңымызда берілген барлық құқықтарды пайдаланып, еліміздің ертеңгі болашағын ойлайтын азамат болып өсуіне толық құқылы екендігін түсіндірілді.

Сынып жетекшілер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыстар өткізілді.  Тоқсан көлемінде «Жібек» қыздар ұйымының, «Азамат» ұлдар ұйымының оқушыларына   жиналыстар ұйымдастырып өткізілді.Жиналыста құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  оқушыларға дұрыс бағытта тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Алимханов Е.Т, мектеп психологы Айманханова А.С, мектеп медбикесі БейсекеноваШ.О. әр түрлі тақырыпта кеңестер берді. Мектеп әкімшілігі және мектеп ұстаздары мектеп оқушыларының түнгі тәртібін бақылау үшін учаскелік полиция инспекторы ЖамбауовЕ.Е бірге рейдке шығып отырды. 

Әр тоқсан соңында әр сыныпта ата- аналар жиналысы  мектеп психологы, ДТІЖО қатысуымен өтіліп отырады, хаттамалары жазып өткізілді.Оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру,адалдыққа тәрбиелеу мақсатында 12.10 күні мектепте «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды және 25.05 күні «Қанипа Бітібаевамен» адалдық сағаты өткізілді.

2022-2023 оқу жылының қазан айында «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен  «Адалдық асыл қасиет» атты тақырыпта  іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –   құлқының, адамгершілік эстетикалық құндылық негіздерін қалыптастыру «Құқықтық сана – қауымға пана»  жобасы мектебімізде оқушылардың  құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталып, жұмыстар жүргізілуде. Осы жоба шеңберінде негізгі заңдарды білу,түсіну және міндетті түрде орындау,құқықтық,заңдылықты құрметтеу тақырыптарында мектепте адалдық сағаттары өткізілуде. Мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жұмыстар мақсатты түрде жолға қойылған. Соңғы бес жыл ішінде мектеп оқушылары жасаған қылмыстар жоқ. Құқықтық сауаттылық арттыру мақсатында 06.02  «Буллинг және оның алдын алу» учаскелік полиция инспекторымен әңгіме, 05.01 «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын» 6-сынып тренинг. 09.03«Бейтаныс адамдармен қарым-қатынастағы жеке қауіпсіздік мәселелері», «Көше және сенің қауіпсіздігің» Бастауыш сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары Жортқамбаев Ә.Ө ұйымдастырылып өткізілді. Мектепте суицидтік әрекеттердің  алдын-алу мақсатында жоспарланған жұмыстар атқарылды.Оқу жылының басында жылдық жоспар құрылып бекітілді.Суицидтің алдын-алу бойынша жұмыс бланкі құрыған,онда әртүрлі дерек көздері жинақталған.Оқушылармен жеке де топпен де,ата- аналармен де әртүрлі әдістемелер,сауалнамалар,ойындар жоспарланып өткізілді.Жоспарға сәйкес қазан,қараша айларында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынып,қорытынды мониторингі жасалынды. Саулнаманың мақсаты:оқушылардың өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін байқау.Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың бойындағы психологиялық ауытқушылық пен депрессия белгілеріжәне өзіне өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалмады.Бірақ 30-наурыз күні 11-сынып оқушысы Шанк София өзіне өзі қол жұмсады. 17.10 күні   «Туған жер» тақырыбында челлендж ұйымдастырылып оған мектеп оқушылары жоғары белсенділікпен қатысты. Оқушыларды   патриотизмге,әскери тәртіпке тәрбиелеу   мақсатында 20 –ақпан күні   әскери  жетекші  Жортқанбаев Ә.Ө «Қазақтың қайсар ұлдары» тақырыбында әскери патриоттық ойын өткізді. Оқушылардың  даярлық деңгейі  қанағаттанарлық. 15-ақпан  күні «Ауғанның  от жалыны» тақырыбында  ерлік   сабағы өтті. Сонымен қатар лездеме өткізіліп, 8-11-сынып оқушыларына   тақырыптық фильмдер көрсетілді. 9/сәуір- 9/мамыр  аралығында   өткізілген «Патриот» айлығында жоспарланған  іс-шаралар белгіленген  уақытта   жақсы деңгейде  өтті. Айлық аясында  ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет етуге баулу жұмыстары жүргізілді.Атап айтқанда АӘД пәні мұғалімі Жортқамбаев Ә.Ө. және тәлімгер Жамбауова А.О. 04.05 күні «Майданда туған жырлар» ҰОС жылдарына арнаған жыр сайысы. «Жеңісті жақындатқан жерлестерім- мақтанышым» Қабырға газеттері  сайысы, 09.05 күні «Жеңіс әндері біздің есімізде» патриоттық әндер байқауын өткізді. Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар сақталды.   

Рухани адамгершілік тәрбие нәтижесінде оқушылар бойында ізгілік, мейірімділік, бауырмалдылық,  ынтымақтастық   сияқты құндылықтар қалыптастырылады. 29.09 күні «Қарттары бардың – қазынасы мол» жалғызбасты қарттарға ұйым мүшелері көмек көрсетті, қайырымдылық   акциясына қатысып, жалғызбасты қарттарға қол ұшын берді, қарттарды құттықтау ұйымдастырылды. Қазан айының алғашқы аптасы  ұстаздар күніне орай мектеп парламенті және  тәлімгер Жамбауова А.О  ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары мен ардагер-ұстаздар үшін « Ұстазым менің,ұстазым» мерекелік сазды бағдарламасы  өте сәтті өтті. Бұл шараның ұстаз мәртебесін көтеруде, мұғалімге құрмет сезімін қалыптастыруға деген тәрбиелік мәні зор болды, ұстаздарға  арналған газет шығарылды.Сонымен қатар мұғалімдер мерекесіне байланысты тәлімгер Жамбауова А.О, ұйым мүшелері 28.09 күні «Дублер күнін»  өткізді. Оқушыларды рухани – адамгершілік тұрғысынан дамыту мақсатында «Адамгершілік –асыл қасиет», « Қарттарым-асыл қазынам», «Иманды  болу парызың», «Әдептілік-әдемілік», «Ана-алып бәйтерек», «Жанымыз жақсылыққа толы  болсын» тақырыбында тәрбие сағаттары,Достық қымбат өмірде»тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді. 07.03 «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында ашық тәрбие сғаты өткізілді. Өткізілген тәрбие сағаттарының оқушы бойында адамгершілік сезімін қалыптастыруға тигізетін ықпал зор болды.                                                                                      Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында мектеп кітапханасының материалдық-техникалық базасын жаңару жұмыстары жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектеп кітапханасында 2-ақпанда «Өзің оқы және өзгеге ұсын»тақырыбымен буккроссинг өткізілді. Буккроссинг деген не және ол не үшін қажет?деген сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіді. Іс-шараға қатысқан  5-6 сынып оқушылары өздері оқыған кітаптарын   насихаттап ,өзге оқушыларға оқуға ұсынды,Бүгінде кітап оқу идеясын насихаттау мақсатында,кітап сүйер оқырман арасында кенінен тараған буккроссинг қозғалысына  қосылу арқылы кез келген адам кітаптарға екінші өмір сыйлай алатынын түсінді. Тілдер бірлестігі пәндерінің ұйымдастыруымен «Шұғаның белгісі», «Менің атым Қожа» кітаптарына талдаулар жасалды.  Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер,балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар ұсынылды.Мектебімізде  үзіліс уақытында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп жобасы »аясында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Маралды орта мектебінде «Мектепке кітап сыйла» акциясы өткізілді.Бұл мерекенің мақсаты-қарапайым және  мейірімге толы.барлық адамзатты кітап оқуға шақыру.Осы оқу жылында мектеп ұстаздары мен оқушылар мектепке 15 кітапты сыйға тартты. Жалппы осы «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында соңғы 3 жылда «Мектепке кітап сыйла » акциясында мектеп кітапханасына 71 дана әдеби сыйға тартылды. 

16 наурыз-«Шежіре күні» кітапханада 7-8-сынып оқушыларымен қазақ халқының ру атауларына байланысты  тәрбие сағаты өткізілді.Қазақ тілі  пәні мұғалімі оқушыларға қазақ халқының шығу тарихы,ру атауларына байланысты видео көрсетіп,мол мағлұмат берді.Кітапханашы Бошай Кітапбаевтың «Тоғыз таңбалы Найман» шежіре кітабына шолу жасады.Сабақтың мақсаты:жас ұрпақтың елінің ,жерінің тарихын,шежіресін білуге деген қызығушылығын ояту,әдет-ғұрып,тілін құрметтейтін,жаны таза,адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

  «Алғыс айту күні» арналған іс шараларды тәлімгер Жамбауова А.О. жоғары деңгейде   ұйымдастырып өткізді. 

Ұлттық тәрбие

     Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.  

Осы бағыт бойынша алға қойған міндет

  1. Окушының ұлттық сана-сезiмiн ояту, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту.

2.   Оқушылар  санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен.     Халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету мақсатында  «Қазақ батырларының өмірі мен ерліктері», «Атаның сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты жоспарланып  өткізілді. Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру мақсаты алға қойылды.Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, осындай тәрбие сағаттарын өткізу арқылы бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді. Ұлттық тәрбие беру бағытында «5-қыркүйек – ҚР-дағы Тілдер күні» мерекесіне орай қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс‑шаралар өткізілді.«Бірлігі мен ынтымағы жарасқан - Қазақстан», «Бір шаңырақ астында», «Достық пен татулық – ел ырысы» тақырыбында сынып сағаттары, кездесулер, концерттік бағдарламалар өткізілді.

  19.04 күні АӘД пәні мұғалімі Жортқамбаев Ә.Ө. ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді.Оқушылар жамбы ату,асық ,арқан тарту сияқты спорт түрлерінен сайысқа түсті.

   Білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу оқушы бойында  ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосуы сөзсіз.

Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат  салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. 

      Халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету мақсатында  «Ұлттың ұлы бола аламыз ба» тақырыбында тәрбие сағаттары жоспарланып  өткізілді. 2-4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ата салтым –асыл қазынам» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

   Білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу оқушы бойында  ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосуы сөзсіз.

Отбасылық тәрбие

 Мақсаты: Жеке тұлға тәрбиелеуде ата-ананың белсенділігін арттыру,  ата-ана мен мектеп арасындағы қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту.

Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Ата-аналарды  оқыту,бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық   құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін   арттыру.         

    Отбасында , мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу   мақсатында отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық,үлкенді құрметтеу,ананы сыйлау,әкені қадір тұту,отбасы берекесі,отбасылық дәстүрлер,бауырмалдық,туысқандық,денсаулыққа қамқорлық, сат дәстүр сабақтастығы,сүйіспеншілік тақырыбында   іс-шаралар ұйымдастырылды.Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептебіміздің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде,ата аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сонымен қатар еңбек тәрбиесінде жұмыстар жүргізілуде. Отбасылық тәрбиеде ата тегінің шежіресін құрастыру,жеті атасын білу,отбасылық жақсы дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, отбасылық жәдігерлер мен тарихына,фотосуреттерге, үй мұрағаттарына құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. 1-11 сыныптарда 06. 09 күні ата – аналар жиналыстары өткізілді. Мектеп психологы 07.10 күні «Менің сүйікті ата әжем» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.09. 09  күні «Бақытты отбасы»тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Ата-ана  мен мектептің ынтымақтастығы  бала тәрбиесінде  үлкен   роль  атқарады. Себебі  бірлесе отырып тәрбиеленген  бала ғана   болашағына сеніммен  қарайтын , тәрбиелі де ибалы  ,ұлтжанды тұлға  болып   қалыптасады.Оқу жылының   басында  ата-аналар комитетінің  бірінші  отырысында   өткен оқу  жылындағы  жұмысқа   есеп  берілді, жетістіктер және  кемшіліктер  атап   көрсетілді. Комитет  төрайымы Карибаева Ж  жұмысына қанағаттанарлық  баға  берілді.Жаңа оқу жылына  комитет   мүшелері сайланды, міндеттері   бекітіп  берілді.Мектептің ата-аналар комитетінің төрайымыболып Асенова Жадыра сайланды.  Тоқсан сайын сыныптың ата‑аналар жиналысы,жыл көлемінде екі рет жалпы ата‑аналар жиналысы өткізілді. Сонымен қатар  оқу‑ағарту жұмыстары да іске асырылды.Ата‑аналар оқуында «Өзіңді‑өзің  тану істің басы» тақырыбында өткізілген коучингте,тренингтерде   белсенділіктері жоғары болды.

        Мектепте 44 ата-ана бар, ата-аналардың мектеп өміріне араласу белсенділігі жақсы,әкелер кеңесі құрылып төрағалығына Оразаев Төлеухан сайланды. Ата-аналар мектепте  өткізілген  сыныптан   тыс  іс-шараларға,атап  айтқанда, «Алтын  күз», «Жаңа Жыл»,»Хош келдің Наурыз»  жоғары   белсенділікпен  қатысты. Ата-аналар комитеті айына  2 рет мектеп  асханасының   жағдайын  тексеруге арналған реид  жүргізді. Бірақ жыл көлемінде көлемінде  ата-аналардың   сабаққа  қатысу  деңгейі, яғни   білім сапасын  арттыруға  қосқан   үлесі  төмен  болды. Әкелер кеңесі мүшеларінен   «Сіз және сіздің балаңыздың мектебі»  тақырыбында сауалнама алынды. Нәтижесінде бала  тәрбиесіне  әкелердің қатысу деңгейі қанағаттанарлық екені анықталды. Мектеп  тарапынан  аз қамтылған   отбасы  балаларына  сауықтыру   лагерінде  демалуға,  бірінші   кезекте  оқулықтармен  қамтамасыз етуге жағдай  жасалды, жыл көлемінде  бір мезгіл   ыстық  тамақпен  қамтамасыз   етілді.

Еңбек тәрбиесі, экономикалық-экологиялық тәрбие 

Мақсаты  Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

Осы бағыт бойынша алға қойған міндет :.   Табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік , жанашырлық сезімін қалыптастыра отырып табиғат үйлесімін қорғауға көзқарасын нығайту.

Еңбек тәрбиесі, экономикалық  және   экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек , еңбек мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп,мансап, функционалдық сауаттылық, туған табиғатқа  деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды қалыптастыруда жұмыстар жоспарлы жүргізіліп келеді. Оқушылардың күшімен мектеп  маңын абаттандыру,мектеп маңын жасыл ағаштармен көмкеру ,көркейту  сонымен қатар оқушылардың Отанға жерге,табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту мақсатында 12 .10 «Таза табиғат» акциясы аясында өзен бойында орналасқан демалыс орнына тазалық жұмыстарын жүргізді. 22.10. « Таза ауыл таза мектеп» акциясы ұйымдастырылды. «Жас эколог»үйірмесінің жетекшісі ҚайырбаеваД  ұйымдастыруымен «Таза табиғат» акциясы аясында өзен бойында орналасқан демалыс орнына тазалық жұмыстарын жүргізді. 13.04 Мектепішілік сенбілік 10.05 «Арал»стадионына тазалау жұмыстары жүргізілді.   12.05 «Жасыл мекен» акциясы аясында мектеп түлектерінің ағаш отырғызуы ұйымдастырылды. « Еңбек -елдің мұраты» жобасы аясында оқушының  кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге  қол жеткізген, табысты адамдардың өмірі мен қызыметі жайында таныстырылып оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әр түрлі іс шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырудамыз.  «Мамандық  әлемінде «8-10 сыныптарда эссе байқауы, «Мамандық таңдайтын уақыт» видеоблог байқауы өткізілді.    Қазан айының 21 күні  үш  буын оқушылары   арасында  жас ерекшеліктеріне  сай   жоспарланып  «Алтын күз» мерекесі  ұйымдастырылып  өткізілді. Іс-шараның  мақсаты  күз туралы оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту, табиғатты сүюге тәрбиелеу, дүние танымдарын арттыру, өнерін,  тапқырлықтарын  шыңдау, сахна мәдениетін қалыптастыру  және  дамыту. Мереке  аясында өткізілген  «Күзгі көрме» байқауына оқушылар  өздерінің  жеміс-көкөністерден жасалған туындыларын ұсынды. Балалардың жұмыстары жылдан жылға күрделеніп, үлкен композициялар ретінде шығарылып отырғаны  байқалды.Оқушыларды экологиялық санасын қалыптастыру барысында  мектебімізде   әр айдың екінші аптасында жоспарлы түрде экологикалық тәрбиеге арналған тәрбие сағаттары өткізіледі. «Қазақстанның қызыл кітабына саяхат», тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

Мақсаты: Оқушылардың өзіндік бейімділіктерін ашу және олардың мінез-құлық қабілеттерін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамыту. Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Әсемдік әлемінің сырын түсіну , олар туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқушыларға эстетикалық сананы:эстетикалық талғамды қалыптастыруға бағытталды. Мектептегі көпмәдениетті тәрбие басқа мәдениеттердің,ұлттардың, діни сенім және т.б.  өкілдеріне көзқарасты қалыптастыруға бағытталды. Көркем –эстетикалық тәрбие саласында отандық  мәдени жетістіктерді ,кітаптарды,мүсіндерді, Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтықтағы халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерін оқыту және ілгері дамытуда жұмыстар жоспарланып жүргізілуде. 

 05.10 күні өткен «М.Әуезов оқулары» аудандық сайысында Кеңесханова Жанерке 1- орынға,   Шавурханова Кристина  2-орынға ие болып бағалы сыйлықтармен марапатталды.Маралды ауылдық округі атынан сынға түскен 8-сынып оқушысы Зәмзә Жанпейіл аудандық «Жігіт сұлтаны» сайысында 3-орынға ие болды. 28.02 күні   Қазақ тілі пәні мұғалімі Елеуханова Жұлдыздың жетекшілігімен ШҚМУ ұйымдастырған «Абай оқуларында» 11-сынып оқушысы Шавурханова Кристина III орынға ие болып,бағалы сыйлықпен марапатталды.


 Зияткерлік тәрбие 

Мақсаты: Тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін кеңістік қалыптастыру. 

 Білім құндылығын ;зияткерлік ұтанымды;әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері  мен дарындылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастыруға бағытталды. 

«Ұшқыр ой алаңы »оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыруда білім алушылардың командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға ,қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға ,өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге мүмкіндік береді. Дебат  үйірмесінде 16  оқушы қатысады, жетекшісі Есимова Ш.Н..Үйірменің мақсаты:  Жас буын оқушыларды, сөз құдіретін ұғынуға, шешендік қабілеттін дамытуға баулу. Дебатқа қатысатын  8-11 сынып оқушылары.  Қазіргі уақытта жан‑жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз.Әр адам жинаған білімі мен білігі дұрыс пайдалану маңызды.Осыретте мектептегі дебат үйірмесі аталған қабілеттерді қалыптастырады.Сонымен қатар сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып,ақпаратты дұрыс талдауға,командамен бірлесіп жұмыс істеуге,сұрақ қойып оларға нақты жауап беруге үйретеді.Маралды орта мектебінде дебат үйірмесінде төрт команда шығарылған.Әр командада төрт оқушы.Команда жетекшілері пән мұғалімдері.Жетекшілер командаларын жоспардағы тақырып бойынша дайындалғанда  бағыт береді.Ай  сайын   дебат клубының пікірталасы өтіледі. Қазан айының  6 – шы жұлдызында, дебат «Қазақстанға қарттар үйі қажет пе?», «Қазіргі өмірде шынайы махаббат барма», «Бала ата- анаға қарызба?» тақырыбында дебат өткізілді. Тақырып жан-жақты талқыланып, қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушылар өз ойларын ашық айтты. 

           Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып қалуда. Ақпарат мәдинеті қалыптастыру мақсатында білім алушыларға интернет - кеңістігі мінез - құлық мәдинеті: қарым қатынас мәдинетіне,өз ойын білдіруге,әңгімелесушінің пікірін құрметтеуге,этикалық нормаларды сақтауға дағдыландыру мақсатында 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел  «Оқушылардың киберқауіпсіздігі мен ақпараттық қауіпсіздігі» 5-8 сынптар арасында  «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау»атты тәрбие сағаттар. 1-4 сынптарда «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» бейне көрсетілім көрсетілді

Зәмзә Жанпейіл аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауында жүлделі III орынға ие болды. 26.05 күні «Жыл оқушысы -2023» байқауы өткізілді.Бұл байқаудың жеңімпазы болып 6-сыныптың үздік оқушысы Тоқтарбаева Зере танылды.


Дене тәрбиесі 

Міндеті:

1. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін қалыптастыру үшін кеңістік орнату.    

 2. Теріс әсерлерге қарсы тұра алу , дене еңбегі, психикалық әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру 

       Салауатты өмір салтының , дене бітімін жетілдіру құндылығын ,өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылықтарын дамытуда  мектебімізде спорттық секциялар жұмыс жасап, оқушылар қызығушылықпен қатысып отырады. Мектеп оқушыларының күнделікті денсаулықтарын    санитарлық-эпидемиялық талапқа сай қадағаланып отырылды.Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау,нашақорлықтың, маскүнемдіктің,темекі шегудің, АИТ|ЖИТС -тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар, тренингтер,дәрігерлермен кездесу өткізілді. 09.09 күні ата аналардың қатысуымен «Толағай» сайысы ұйымдастырылды. 30.09 күні мектептің қыздар құрама командасы Күршім ауылында откен жарысқа қатысты. 10.10 күні жеңіл атлетикадан мектепішілік жарыс өткізілді. « Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көр» атты күзгі демалыс кезіндегі демалысты тиімді өткізуде тренингтер,интелектуалдық ойындар,спорттық қозғалмалы ойындар жүргізілді.Жыл көлемінде мектепте төмендегі іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Мектептің құрама командасы Күршім ауылында өткен волейбол жарысында   III орынға ие болды.  1-наурыз күні шаңғыдан мектеп біріншілігі өткізілді. 10-сынып оқушысы Гориненко Камиль аудандық шаңғы жарысында жүлделі III орынға ие болды. 14-сәуір куні Өскемен қаласында өткен облысық оқушылар спартакиадасында 11-сынып оқушысы Өмірзақов Талант жеңіл атлетикадан жеңімпаз атанды. 20.04 күні мектептің баскетболдан ұлдар құрама командасы Күршім ауылында өткен аудан біріншілігіне қатысты. 12.05 күні аудандық «Қазақтың қайсар жігіттері» әскери патриоттық сайысына белсенділікпен қатысты. 18.04 күні  5-8 сынып оқушыларымен «Спортты ал серікке» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.16.05  күні бастауыш сынып оқушыларымен «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды.19.04 күні ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді. 23.03 күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты жарыс өткізілді.14.12 шахматтан мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды. Сайысқа 10 оқушы қатысты.

SWOT талдау

Ішкі фактор

«S» - күшті жақтары

«W» - әлсіз жақтары

  • Мектептің тәрбие жоспары заманауи талаптарға сай жасалуы;
  • Мектеп әкімшілігі, қамқорлық кеңсе және ата-аналар комитетінің жұмысының тығыз байланысының болуы;
  • Мұқтаж оқушыларға материалдық көмек беру жұмысының жүйелі жүргізілуі;
  • Іс‑шаралардың жақсы дайындықпен өткізілуі.
  • Мамандықты дұрыс таңдау бойынша жұмыстың жүргізілуі;
  • Жоғарғы оқу орындарымен  тығыз байланыста жұмыс жүргізілуі;
  • Әлеуметтік қауіпті  жағдайдағы     балаларға  әлеуметтік – педагогикалық көмек көрсету.
  • Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық болды.
  • Мектепте кибермәдениет пен кибергигиена бойынша іс- шараларды жүйелі түрде жүргізу;
  • Киберқауіпсіздік және оқушының ақпараттық қауіпсіздігі туралы іс - шараларды жоспарлы түрде жүргізу;
  • Нарықтық     экономика заңдарына     позитивті   көзқарас  қалыптастыру керек.
  • Оқушылардың репродуктивті денсаулығын сақтау, жаман әдеттердің, олқы қылықтардың алдын алу шараларын күшейту;

Сыртқы фактор

«O» - мүмкіндіктер

«T» - қауіптері

1.             Сынып  жетекшілеріне тәртіп бұзуға бейім оқушыларды және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды  үнемі     бақылауда ұстап ,мектеп әкімшілігіне уақтылы ақпарат беру.

2.             Білім алушылардың,ата аналардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бойынша педогогикалық ұжымның жұмысын жалғастыру.    

3.             Оқушылардың өзіндік қабілеттеріне қарай әр түрлі үйірме жұмыстарын жандандырудың мүмкіндігінің болуы;

  1. Интернет желісі арқылы берілетін жағымсыз ақпараттан оқушыға келетін қауіп - қатердің көптігі;

Ұсыныстар:

- оқушыларды тәрбиелеу проблемаларын айқындап  талдау, сынып жетекшілерінің жұмысын тәрбие тұжырымдамасының және тәрбие берудің стратегиялық жоспары бойынша мониторингілеу. Жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты   және үйлесімді  дамыған  тұлға тәрбиелеу.  

- Бастауыш тәрбие берудің мақсаты білім алушылардың қоршаған шынайылықты түсінуге, өзінің даралығын сезінуге , айналасындағы  адамдармен қарым – қатынас дағдыларын игеруге , өзінің  оқу іс - әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған тәрбиелік шараларды ұйымдастыру. 

    ‑ Кәсіби шығармашылық танымын кеңейту, мамандықты дұрыс таңдауда бағыт -бағдар беру және адам белгілі бір іс - әрекет саласына еніп , бір ізге түсуіне көмек беру.

    ‑Кез келген ортада оқушылардың адамдармен байланысы арқылы ізгілікті мінез құлықты тәжірибесін байыту, жеке құзреттілік көзінің мәнін қалыптастыру және кәсіби қауымдастық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге шыдамды тұлға қалыптасуына мүмкіндік жасау.       

     ‑ Бала тәрбиесінде жаңа заман талабына сай ата – аналардың өзіндік идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер туғызу.

-     Сынып жетекшілері,  психолог,тәлімгер , әлеуметтік педогог, алғашқы әскери дайындық мұғалімі, дене тәрбие пәнінің мұғалімі, кітапханашы жұмысын жүйелеу. 


4.2 Үйірмелер мен спорт секциялар жұмысының есебі


Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ,бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушының жан-жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.

Бүгінгі заман бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял мен ғажайыптарға қол созады. Мектебімізде оқу - тәрбие беруде тұлғалық танымдық белсенділікті дамыту мақсатында бірқатар үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірме  жұмысы - оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал етеді.Үйірме жұмыстарында әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып,оқушылардың бейнелі ойлай білу, өз ойын өнер туындысына айналдыра білу шығармашылық,жаңашылдық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік ашылады. Әрбір үйірменің жұмыс кестесі, уақыты белгіленген. Атап айтқанда, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ашу мақсатында спорттық – жеңіл атлетика,шаңғы,үстел теннисі,волейбол,баскетбол секциялары,би,«Жас қалам», «Жас эколог», «Жас атқыш»,шахмат үйірмелері жұмыс жасады. Үйірмеге қатысып жүрген оқушылар спортқа, дене тәрбиесіне қызығушылық танытуда. Үйірме жұмысы барысында түрлі спорттық жарыстар, сайыстар ұйымдастырылады. 

Әрбір үйірме жұмысының өзіндік мақсат, міндеттері белгіленіп, оқушының жас ерекшелігіне қарай жоспарланды. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс – әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіліп келеді. Тәрбие жұмысы барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

Мектеп оқушылары мектептегі үйірмелерге  үздіксіз қатысты. Мектепте дарынды оқушылар көп. 

Оқушылардың қызығушылығы көбіне спорт секцияларымен  байланысты. Мектептегі жеңіл атлетика секциясының  мүшелері аудан мақтаныштары.  Аудан намысын облыста қорғап жүрген мықты оқушылар. Оның дәлелі   11-сынып оқушысы Өмірзақов Талант   2023 жылы өткен облыстық жеңіл атлетика жарысының жеңімпазы,ауданның оқушылар арасында бірнеше дүркін жеңімпазы.Сонымен қатар Елтай Риза,Елтай Айым, Гориненко Камиль аудандық спорт жарысының жүлдегерлері.  10-сынып оқушысы Гориненко Камиль аудандық шаңғы жарысында III орынға ие болды. Мектептің волейболдан құрама командасы аудандық жарысқа желтоқсан және наурыз айларында қатысып  екі   мәрте III орынға ие болды.Елтай Айым «Үздік шабуылшы»,Төлеухан Ерсұлтан «Үздік бағыттаушы»номинациясын жеңіп алды.Түрлі спорттық үйірмелерге, шығармашылық үйірмелерге белсенді қатынасып жүрген оқушылар да түрлі алғыс хаттармен, мадақтамалармен марапатталып отырылады. 

Бірқатар оқушылар ой-өрістерін, логикасын арттыру мақсатында  шахмат үйірмесіне қатысады. 

Мектепте би үйірмесі жұмысы жақсы жолға қойылған. Би өнері балаларға денсаулықпен қатар, дене бітімінің жақсы жетілуіне көмек етеді. Бос уақыттарын тиімді қолданады, жүріс-тұрыстарын түзейді, өз - өздерін еркін ұстауға дағдыланады, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа, икемділікке үйренеді. Би үйірмесінің мүшелері республикалық «Кең дүние,төсіңді аш мен келемін» атты өнер байқауында 6-сынып оқушылары Қабдыл Ф,Тоқтарбаева З,Қалибас,Ержан Т «Хореография» номинациясы   бойынша 1-орынға,сынып оқушысы Тоқтарбаев А «Көркем сөз»номинациясы бойынша орынға ие болды. Сонымен қатар аудандық сайыста округ намысын қорғап жүлделі III орын алды. Бұдан басқа «Жас атқыш», «Жас эколог», «Жас  қалам» үйірмелері оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын арттырып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыр мақсатында  жұмыс атқарып жатыр. Қаламы жүйрік дарынды оқушыларды  анықтау қабылетін шыңдау мақсатында жүргізіліп отырған»Жас қалам» үйірмесінің жұмысын жетекшісі Бексолтанова Ә.Қ. еңбегін атап кету орынды. Жыл сайын өтетін ауылдық мәдениет үйіндегі, аудандық шығармашылық үйіндегі, аудандық, облыстық сайыстардың жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасап, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі болып келеді. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізілді. Аудандық «М.Әуезов оқуларында» «Жас қалам» үйірмесінің мүшелері Кеңесханова Жанерке I орын және Шавурханова Кристина II орынды иеленді.  28.02 күні  Қазақ тілі пәні мұғалімі Елеуханова Жұлдыздың жетекшілігімен ШҚМУ ұйымдастырған «Абай оқуларында» 11-сынып оқушысы Шавурханова Кристина III орынға ие болып,бағалы сыйлықпен марапатталды.Кеңесханова Жанерке аудандық «Өткенге хат»байқауында III орынға ие болды. «Жас эколог»үйірмесінің жетекшісі Қайырбаева Динараның жетекшілігімен «Таза табиғат» акциясы ұйымдастырылып ауылдың демалыс орнына тазалау жүргізілді. Алғашқы әскери дайындық мұғалімі  Жортқанбаев Ә.Ө. (2018-2022ж аралығы), «Жас атқыш» клубына жетекшілік етіп, оқушыларды әскери-патриоттық істерге баулып, дағдыларының қалыптасуына, шапшаңдыққа, болашақ мықты отан қорғаушы болуларына жақсы ықпал жасап келеді. 

Көпшілік оқушылар аудандық,облыстық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде,сайыстардың жеңімпаздары да осы дарынды балалармен жұмыстың нәижесі.

 (Жетістіктер кестесі ұсынылады).

Қорытынды: Мектебімізде жыл сайын көркем-эстетикалық, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, аудан, облыс, республика көлемінде,үйірмелер мен спорт секциялары жұмысының көрсеткіштері, қол жеткен жетістіктер төмендегі кестеде берілген.  Назарларыңызға 2022-2023 оқу жылындағы нәтижелер кестесін ұсынамыз.



Облыстық

Шавурханова Кристина

  «Абай оқулары»

көркемсөз

2- орын

Елеуханова Ж.Қ.


Өмірзақов Талант

Жеңіл атлетика

200 м жүгіру

            

3-орын

Қабдолда М.З


Өмірзақов Талант

Жеңіл атлетика

ұзындыққа секіру

1-орын

Қабдолда М.З


Аудандық

Өмірзақов Талант

Жеңіл атлетика

100 м жүгіру

            

1- орын

Кенжин А.З.


Өмірзақов Талант

Жеңіл атлетика

ұзындыққа секіру


1 -орын

Кенжин А.З.


Елтай Риза

Жеңіл атлетика

200 м жүгіру


2 -орын

Кенжин А.З.


Гориненко Камиль

Шаңғы 


3- орын

Қабдолда М.З


Кеңесханова  Жанерке

 «Әуезов оқулары»

көркемсөз

1-орын

Бексолтанова Ә.Қ.


Шавурханова Кристина

«Әуезов оқулары»

көркемсөз

2- орын

Бексолтанова Ә.Қ.


Командалық 

волейбол

жарыс

 3-орын

Қабдолда М.З.


        Үйірме, спорт секциялары, көркем-эстетикалық, шығармашылық сайыстарға қатысып, жүлделі орын иемденген оқушылардың пайыздық көрсеткіші орта есеппен 2022-2023 оқу жылында құрады. 


4.3 Психологиялық-медициналық сүйемелдеуді ұйымдастыру 


1. Өткен оқу жылында жеке психологиялық мәселелерді шешуге ықпал етіп, оқушылардың бейімделу процесінде сабақтастықты қолдау мақсатында білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологы: Айманханова А.С 4 жылдық еңбек өтілі бар, педагог-модератор санатында. Сонымен қатар ол кәсіптік бағдар беруші лауазымын қоса атқарып келеді.

Жұмыс жоспарының орындалу деңгейі: жоспар бойынша қойылған жұмыстар легі жүзеге асырылды. Мекттеп директорының оқу-тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшілермен тығыз байланыста болып жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отырды. 1 сыныптың оқуға бейімделуін бақылау, 5 сыныптың бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың орта буынға бейімделуін, өзара тұлғалық қарым-қатынастарын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі қалыпты жағдайда екендігі анықталды. Қажет деген жағдайда сынып жетекшілер мен оқушыларға ұсыныстар берілді. Сыныптардағы жалпы психологиялық ахуал жақсы, шеттетілген оқушылар байқалған жоқ. Филлипстің мектептегі мазасыздық деңгейі анықталып, оқушылардың қобалжу деңгейі факторлар бойынша жоғары еместігін көрсетті. Сынып бойынша оқушылардың жеке психологиялық картасы толтырылды.ЕБҚ оқушы Жағдай Ақжолмен жеке жұмыстар жүргізді. 9 сынып оқушыларына мамандық таңдау бағытында қолдау мақсатында қызығушылқтарын анықтау әдістемелері, әңгімелесулер, кеңестер берілді. 11–сынып оқушыларына мемлекеттік қорытынды атесттаттау, ҰБТ алдында қолдау жұмыстары, оқушылардың төзімділігін анықтау тесті, мамандыққа қызығушылықтарын анықтау мақсатында «сауалнама» жүгізілді. Сауалнама интерпретациясында анықталғандай сынып оқушылары өздері ұнатып оқитын пәндері бойынша қалаған мамандықтары анықталды. Сонымен бірге қиын ситуация кезінде өзін жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ екендігі туралы бағыт-бағдар, кеңестер берілді. Емтихан алдындағы түрлі теріс әсерлерін шығарып, бойларында жағымды көңіл-күй тудырып, өз-өздеріне сенімділіктерін арттыру тренингтері жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың бір - біріне және өзіне деген сенімділігі оянып батылдылық пайда бола бастады. Әсіресе, 11 сынып оқушыларымен сыныптастарымен болған қайғылы жағдайдан кейінгі психологиялық қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілді.

 Педагогикалық ұжыммен психологиялық ағарту жұмыстары, сынып жетекшілерге кеңсетер берілді. Ұжыммен мектепішілік жоспарға сай «Сыныптағы буллингті, кибербулингті анықтау және оны жоюдың жолдары » әдістемелері жүргізілді. Оқушылардың психологиялық саушылығына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әр түрлі қиыншылықтарды түзетуге түзету-дамыту жұмыстары, жағымсыз қылықтарды болдырмауға ықпал ететін тренинг сабақтар өткізілді. 

Қаңтар айынан бастап сабақтарға ене отырып, оқушылардың оқу процесіне бақылау жасалды. Оқу процесі барысында оқушылардың сабаққа қатысы, бір – бірімен қарым қатынасы, пән мұғалімінің сабақ беру әдісі мен формасына, сыныптағы психологиялық атмосфераға баса назар аударылды. Білім алушылардың психологиялық жағдайын жақсарту бағытында, тәртібі мен тәрбиесіне байланысты жеке және топтық кеңестер жүргізілді. Оқушыларға сабақ үдерісінде психологиялық жағымды қолдау көрсетіп отыру ұсынылды. 

Ата – аналар жиналысында жасөспірімдік шақтағы бала мінезінде болатын өзгерістер мен бастауыш буын оқушысы мен орта буынға көшу барысында бала бойында кездесетін қиындықтардын алдын алып, ата-аналарға балаларына емтиханға тиімді дайындалуда көмек көрсетіп қодау үшін баяндама оқылып, кеңестер мен жаднамалар ұсынылды. Ата - аналар жиналысы барысында ата – аналар өздерінің тарапынан балаға қандай көмек қажет екендігін, отбасында мектеп бітірушіні қолдау, мамандық таңдауда балаға әсер ететін факторлардың қандай болу керектігі, үйде дайындалу үшін балаға ыңғайлы жұмыс орнын жасақтауды, баланың тамақтану режиміне баса назар аудару қажеттігі, ең негізгісі-емтиханға байланысты қобалжу деңгейін төмендету керектігі жөнінде ақпаратпен қаруланды. 

Кемшіліктерді түзету мақсатында қабылданған ұсыныстар: оқушы қабілетіне орай шығармашылық тапсырмаларды жүйелеу. Сабақ барысында сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қарым-қатынасқа көбірек түсуі түсіндірілді. 

Ұсыныстар негізінде жаңа оқу жылына мақсат, міндеттер мен күтілетін нәтижелерін анықтау: 

Оқытушылар білім алушылардың психо – әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлуі, оқушы – мұғалім – ата – ана арасында жағымды қарым-қатынас орнату. Келесі жылға әрбір оқушының өз мінез-құлқының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу, ұжымда жағымды психологиялық хал- ахуалдың болуына әсер ету, жекелеген ауытқушылықтардың алдын –алу және қабілетті оқушылармен жұмыстарды жандандыру мақсат етіп қойылды. 



5 бөлім.Білім алушылардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасау;


Мақсаты: Мектеп ұжымы мен оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу, сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қамтамасыз ету.

Міндеттер: 

- қажетті теориялық  білімдер, практикалық іс әрекеттер  көлемін халықтың игеруіне жәрдемдесу: 

- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

 - адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және оны іске асыру; 

- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану; 

- шаруашылық объектілері мен техникалық жүйелердің қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығы; 

- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау; 

- халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. 

Адамдар төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда өздерін қалай төнген қауіптен құтқару керек және қандай шаралар қолдану керек екені осы жұмыстарда келтірілген. Өмір қауіпсіздік негіздерін әр қайсысы білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек. 

Мектепте техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инспекторы қызметін: АӘжТ пәні мұғалімі Жортқамбаев Әлімхан Өмірханұлы атқарады. Еңбек өтілі 12 жыл, педагог-модератор санатында. Жыл көлемінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

- Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі азаматтардың атқаратын әрекеттері. Түрлі деңгейдегі қауіп-қатер төнген кезде әрекет ету тәртібі. Лаңкестік қауіпінің алдын алуда ақпараттық технологияның тиімділігін атап көрсету. 

- Табиғи апаттар, зілзалалар, олардың сипаттамалары және келтіруі мүмкін салдары. Табиғи апаттар және зілзалалар кезіндегі адамдардың әрекет ету тәртібі. Адамдардың табиғи апат салдарын жоюға, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысулары туралы түсінік  беру.

- Жарақат және олардың асқыну себептері туралы түсінік. Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және олардың ауырлық деңгейлері. Естен танудың себебі. Жарақат алу және қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. Асептика және антисептика пайдалануды үйрету.

- Сүйектің сынуы және оларды анықтау туралы түсінік. Соғып алу, шығып кету, буынның созылуы және оларды анықтау белгілері. Шина салудың негізгі ережелері. Түрлі қайғылы оқиға орын алған кезде алғашқы көмек көрсету тәсілдері.

- Оқушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу бойынша журнал басталып, сол журналға оқу жылының басында ата-аналармен тақырыптық әңгіме өткізіп, баласының мектепке келіп кетуіне, денсаулығына және демалыс күндерін өткізуіне   жауапкершілікті өздеріне алатынын ескертіп, қол қойдырып отырады. Сыныптарда да сынып инспекторын сайлап, міндеті бөліп берілген.Оқу жылы басталысымен әр сыныппен пән мұғалімдері де қауіпсіздік ережелерімен, нұсқамалармен таныстырып,сақтандыру жұмысын жүргізеді. Мектеп инспекторы сынып жетекшілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты болатын төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу (үсінуден сақтану,мұздың ойылып кетуі,қатты жел,дауыл,адасып кетіп, далада қалу; көктемгі мұз сүңгілерінің құлауы,қар көшкіні,жай түсу,серуенге шыққандағы ,суға түсудегі, өрт қауіпсіздігі  ...т.с.с) бойынша нұсқамалар беріп, оның орындалуын қадағалайды.Сынып   жетекшілерге топсеруен,өлкетану саяхаттарына  бару  кезінде  техника   қауісіздігі  жайлы  нұсқау   беріледі, маршруттық  карталары тексеріліп, мектеп әкімшілігімен   келісіледі.  

Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп аумағында спорттық аймақтар мен оқушыларға арналған демалыс аймағы бар. Ойын алаңы волейбол сөрелерімен, секіргішпен, орындықтармен жабдықталған. Учаскеде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер бар. Аумақты абаттандыру көгалдандыру, ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар, гүл құмыралары арқылы шешіледі. Мектеп ғимараты   кірпіштен қаланған және екі қабаттан тұрады. Қауіпсіздік мақсатында сыртқы және ішкі бақылауға арналған 8 бейнекамера (оның ішінде 5-ы ішкі, 3-і сыртқы) Автоматты өрт дабылы,  өрт сөндіргіштері бар. Оларды техникалық тексеру және қайта зарядтау уақытылы жүргізіледі. Дауыстық хабарландыру орнатылған. 

Ғимаратқа кіретін 9 есік бар. Эвакуация жолдарының  болуы және саны - 6. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күзетшілер саны: 3. 

 Авариялық және төтенше жағдайлар туындаған кезде оқу үрдісінің қатысушыларын мен келушілерді эвакуациялау схемасы бар. Ұжымның қызметі білім алушылардың, қызметкерлердің, ата-аналардың мектепте қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған. 

Мектептің кешенді қауіпсіздігіне төмендегілер кіреді:

1.Өртке қарсы қауіпсіздік шаралары;

2.Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

3.Білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

4.Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралар;

5.Электр қауіпсіздігі шаралары;

6.Азаматтық қорғаныс шаралары (әкімшілік пен персоналды оқыту);

7.Терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі шаралар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс келесі бөлімдер бойынша құрылады:

1. Нормативтік-құқықтық базаны құру.

2. Қауіпсіз өмір сүру үшін жағдай жасау.

3. Педагогтармен жұмыс.

4. Ата-аналармен жұмыс.

5. Оқушылармен жұмыс.

           Мектепте нормативтік-құқықтық база құрылды:

- өрт қауіпсіздігі бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттар;

-оқушылар мен қызметкерлердің мекемеде қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің қызметін реттейтін нормативтік құжаттар (ережелер, жұмыс жоспары, мектеп бойынша жергілікті актілер);

- ақпараттық құжаттар (нұсқаулықтар, жадынамалар, өтініштер, ақпарат).

Әкімшіліктің, педагогтардың кезекшілік кестесі жасалды.

Мектептің әрбір қызметкерінің соттылығының жоқтығы туралы анықтама алынды. 

Мекемеде түнгі және күндізгі уақытта кезекшілік белгіленген, мекеме аумағына өткізу режимін күзетші кешкі және түнгі уақытта, күндізгі уақытта күзет жүзеге асырады, аумақты қарау кезеңділігі айқындалған.

Қауіпті заттар мен жағдайларды уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында мектептің, учаскелер мен іргелес аумақтың қауіпсіздігін бақылауды және қамтамасыз етуді күзетшілер аумақты қарап тексеруді тіркеу журналына белгі қоя отырып жүзеге асырады.

Эвакуациялау жолдары тиісті жағдайда, авариялық шығу жолдары бос болады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың маңызды бағыттарының бірі қызметкерлермен жұмыс болып табылады:

1. Әрбір қызметкер қол қою арқылы лауазымдық нұсқаулықтармен танысты.

2. Сынып кабинеттерінде төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша жадынамалар бар, қауіпсіздік ережелері бар.

3. Сондай-ақ мектепке кірген кезде күн сайын кезекші мектеп әкімшісі мен сынып жетекшісі кезекшілік етеді. Вахтер келушілер туралы деректерді тіркеу журналына енгізеді. Мектеп оқушылары сынып жетекшісінің және кезекші әкімшінің ерекше рұқсатынсыз оқу процесі кезінде ғимараттан шыға алмайды. Жеке басын куәландыратын құжаттарды және келу мақсатын түсіндіруден бас тартқан кез келген келушілердің мектепке кіруіне тыйым салынады.

4. Жоспарлы және жоспардан тыс нұсқамалар жүргізіледі.

5. Балалардың жарақаттануының алдын алу, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында педагогтармен бұқаралық іс-шаралар, экскурсиялар, мектеп аумағынан тыс жерлерге ұйымдастырылған шығу алдында мақсатты нұсқамалар жүргізіледі. Бұйрықпен жауапты тұлғалар тағайындалады.

6. Өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша ақпараттық стендтер бар, онда шұғыл қызметтердің телефондары, нұсқаулықтар мен жадынамалар орналастырылған.

7. Қауіпсіздік режимі мен өртке қарсы режимнің орындалуын бақылау жүзеге асырылады. Күзетшілердің жұмысына кешкі, түнгі уақытта және демалыс және мереке күндері бақылау жүргізіледі. Әкімшілік мүшелерінің мектепке баруы арқылы жүзеге асырылады.

8. ТЖ кезінде қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау бойынша сабақтар өткізіледі.

9. Кабинеттердегі жабдықтардың қауіпсіздігін тексеру бойынша рейдтер тұрақты түрде жүзеге асырылады, спорт алаңында және спорт залында спорт жабдығына сынақ жүргізіледі, эвакуациялық шығу жолдары тексеріледі.

10. Тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, спортзалдың және басқа да үй-жайлардың, сондай-ақ асхананың санитариялық-гигиеналық жағдайын бақылау.

11. Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

12. Әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мектепте қажет болған жағдайда мектеп оқушыларына психологиялық қолдау көрсететін, сондай-ақ әр сыныптағы моральдық-психологиялық ахуалды және жеке оқушылардың эмоционалды жағдайын бақылау бойынша жұмыс жасайтын психолог жұмыс істейді.

13.Сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылған, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшік 1 қабатта орналасқан, олардың шұғыл түрде қаралуы және шараларының алынуы ұйымдастырылған.

14. Ата-аналармен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс әртүрлі нысандар арқылы жүзеге асырылады: жиналыстар, кеңестер, әңгімелер, өтініштер, жадынамалар.

Мектепте бірінші сынып оқушыларын жеке алып келу және алып кету, балалардың заттарын дәлізде қалдырмау қажеттілігі туралы ата-аналармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі, оқу сабақтарына келмеу себебі туралы, ауру белгілері бар кәмелетке толмаған баланың мектепке келмеуі туралы міндетті түрде хабарлау қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс өз нәтижесін беруде: қызметкерлердің жеке жауапкершілігі артты, ата-аналар да қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралардың қажеттілігін түсінеді. 

«Өмір қауіпсіздігі негіздері» міндетті оқу курсы бастауыш сыныптарды және жоғарғы сыныптарда АӘД, дене тәрбиесі пәндерінің аясында жоспарға сай жүргізіледі. Өмір қауіпсіздігін сақтау және қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізіледі. Өрттен сақтану, кабинеттерден өрт болған жағдайда  далаға шығу бойынша жыл сайын  жаттығулар  өткізіледі. Қосымша есіктерді пайдалану жолдары көрсетіледі. 

         

2022 – 2023 оқу жылындағы мектеп медбикесінің жұмыс есебі

Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Теріс әсерлерге қарсы тұра алу, дене еңбегі, психикалық әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру. 

Осы міндеттерді іске асыру мақсатында оқу жылының басында мектеп медбикесінің жұмыс жоспары жасалды. Медбикеге арналған арнайы кабинет бар, керекті құралдармен, дәрі-дәрімекпен жабдықталған. Апта сайын оқушылардың тазалығы тексеріліп отырылды. Сынып бөлмелерінде температуралық   режимнің  сақталуы күнделікті менің бақылауымда болды. Мен оқушыларға тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу мақсатында диктант жазғыздым, түсінік жұмыстарын жүргіздім. Айына бір рет жоспар бойынша лекциялар оқылып, санбюллетень шығарылып, спорттық  ойындар өткізілді. «Денсаулық – зор байлық» жеке бастың гигиенасы, «Тіс күтімі, шаш күтімі», «Темекі денсаулыққа зиян», «Мұны әр қыз білуі тиіс»,  «Туберкулез – дегеніміз не?», СПИД және ВИЧ аурулары».

Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың бірден-бір көзі. Оқушылардың бір мезгіл толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағаладым. Мектеп оқушылары 100  %   ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Соның ішінде азқамтылған, көпбалалы отбасының  35  оқушысы, бір мезгіл ыстық тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Асхананың санитарлық жағдайы, ас мәзірі күнделікті менің қадағалауымда болды. 

Әр апта сайын тазалық күні өткізіліп, тексеріліп отырды. Оқушылар «профосмотр» - деген аудандық дәрігерлердің қарауымен дайындап өткізілді. Мектепте азқамтылған, правсоюз мүшелерінің балаларынан құрылған сауықтыру тобы ұйымдастырылды. Онда нда 30 бала қатысты. Олардың тазалықтары, денсаулықтары тексерілді. Арасында күнделікті денсаулық минуткасы өтті.

Ұсыныс: келесі оқу жылында да жоспар бойынша жұмыстарды жалғастыру.




6 бөлім. Мектептің материалдық –техникалық базамен қамтылуы.


6.1 Мектеп ғимараты мен оқу кабинеттері, спорт кешенімен, асханамен қамтылуы


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Маралды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1993 жылы пайдалануға берілген  екі қабатты жеке ғимаратта орналасқан. Ғимараттың техникалық жағдайы жақсы. Іргелес аумақ қоршалған, абаттандырылған, мектеп ауласын, мектеп алаңын көгалдандыру шаралары жүргізілді. Ғимарат электрлі жылу қазандығымен жылытылады, су құбырымен, электр жарығымен, телефон және интернет қосылымдарымен, ыстық сумен, кәріз жүйесімен жабдықталған. Жалпы алаңы - 4310 м2, жұмыс ауданы-2807 м2 . Объектідегі   ғимараттың есепті сыйымдылығы  392 оқушыға арналған. Мекткепте оқушылар бір ауысымда оқиды, екінші ауысымда факультативтік сабақтар, үйірмелер, сыныптан тыс іс –шаралар өткізіледі.

 Объектінің   ғимаратында 16 оқу кабинеті, шеберхана,1 кітапхана,1 медициналық бөлме, 1 асхана, 1 спортзал, 1 акт залы, тир, директордың кабинеті және әдістемелік кабинеттер бар. Оқу ғимаратының әр қабатында ұлдар мен қыздарға арналған жеке жылы санитарлық тораптар бар және барлық қажетті санитарлық құралдар, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдар, кептіргіштер бар. Пайдалы оқу алаңы, материалдық техникалық базасының болуы туралы мәліметтер, білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер сәйкесінше ҰБДҚ (НОБД)ақпараттық жүйесінде көрсетілген.

Дене шынықтыру сабақтары бірінші қабатта орналасқан спортзалда жүргізіледі. Екі арнайы бөлінген қыздар, ұлдар киім ауыстыратын бөлмелері бар. Дене шынықтыру бағдарламасын орындау үшін белгілі бір мөлшерде спорттық құрал-жабдықтар бар:   пластикалық шаңғылар - 10 жұп, таяқ 8 жұп, аяқ киім 14 жұп, баскетбол шеңберлері – 4 дана(спорт залда,спорт алаңында),волейбол тұғыры - 2 дана, баскетбол добы – 3 дана, волейбол добы – 5 дана, футбол добы – 3, волейбол торы – 2 дана, жиынтықтағы теннис үстелі - 2 дана, үстел теннисін ойнауға арналған ракетка. - 2 жұп,  теннис үшін доп. - 4 дана, шахмат және дойбы - 4 дана, күрес матылары 18, армрестлинг үстелі 1, гараната 500гр-3, 700 гр-3, секундомер 2, свисток 2, есепшот 2,секіргіш 10, швед қабырғасы 1,ядро 5кг-2, 3 кг-2. Мектеп аумағында 1 спорт алаңы бар, оларда футбол алаңы, волейбол алаңдары, секіру шұңқырлары бар. Спорттық құрал жабдықтар мектептің балансынан, сонымен қатар ауыл тумаларының спонсорлық қолдауының нәтижесінде үнемі жаңаланып отырады. Кесте бойынша мектепте сабақтан тыс спорттық үйірмелер де жүргізіліп отырады.   

Мектепте оқушыларды еңбекке баулуға, қолөнерді дамытуға жағдай жасау үшін арналған екі шеберхана бар: ағаш өңдеу және метал өңдеу. Шеберхана барлық құрал саймандармен қабдықталған. Барлық техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып сабақтар өткізіледі. 

Барлық (16 кабинет) оқу кабинеттерінің паспорттары бар. Кабинет меңгерушілері кабинетттің дидактикалық жабдықталуын, әсемдік эстетикалық жабдықталуын, гүлдендіру және мектеп мүлкінің сақталуын қадағалап отырады. 

Медициналық кабинет. Мектепте медициналық қызмет соңғы алынған 2020 жылдың 31 наурыздағы №003049DE лицензиясы негізінде көрсетіледі. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымы мен «Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ cанитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген. 

Медициналық кабинетте еңбек өтілі 8 жыл мейірбике Бейсекенова Шолпан Оразбаевна жұмыс жасайды. Зырян медициналық училищесін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша  1996 жылы аяқтады. 2018 жылы ҚРДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, тіркеу номері KZ 87VBM00743335  2018 жылғы 14 наурыздағы сертификат негізінде «Мейірбике ісі» бойынша медициналық қызметке және  клиникалық   практикаға рұқсат берілді.  

Медициналық қызмет көрсету бөлмесінде бар заттардың тізімі 2017 жылғы жасалған алым-берім актісінде көрсетілген. Медбике жыл сайын мектепте жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың жоспарын құрып, мектеп басшысымен бекітіледі. 

Асхана. Мектеп бойынша асхана 70 орынға арналған. Асхананың жалпы ауданы – 101,1 м2. Бөлме саны – 4. Ас даярлайтын бөлменің ауданы – 20 м2. Ас ішетін бөлме ауданы – 81 м2, қойма саны-2. Сумен жергілікті скважина арқылы қамтылып отыр. Жылы су бойлер арқылы жылытылады,  көлемі 100 л. Септик бар, көлемі 360 м³. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 16 бабының 132-1) тармақшасына сәйкес мектепте білім алушыларды тамақтандыру «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Күршім аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Ас ішу залында үстелдер, орындықтар, қол жуатын қолжуғыш бар, қол сүртетін қағаз орамал, элекрлі қол кептіргіш, сұйық сабын, қоқыс салатын жәшік орналастырылған. Асханада «Асыңыз дәмді болсын!»  тақтасы, ақпараттық стендтер ілінген. Meктеп асханасында 1 аспазшы, 1 аспазшының көмекшісі  бар. Асхана қызметкерінің білім дәрежесін растайтын құжаттары бар. Санитарлық кітапшалары талапқа сай, медициналық тексерістен уақытылы өткен. Жұмыс барысында халат, фартук, орамал, екінші аяқ киім киеді. Ас пісіру барысында қолдарына арнайы резеңке бес саусақты қолғап киеді. Ауыстырып отыруға халат, фартук, орамалдары екі данадан бар. Ас дайындау барысында, асхана  ішінде санитарлық талаптарды орындайды.

Тұрмыстық техникадан келесі тіркелді:

Электр плитасы – 1 дана. Плиталардың барлық пештері жұмыс жасайды.

Тоңазытқыш (мұздатқыш камерасымен)  - 2 дана

Өлшеуіш құрал (электрлі)  - 1 дана

Электрлі ет тартқыш- 1 дана

Бойлер 50л -1 дана

Ыдыс жуытын раковина – 2 дана

Қол жуғыштар – 3 дана

Ағымдағы оқу жылының соңында мектепте 75 оқушы және 8 МАД тобының тәрбиеленушісі түгелдей ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде 35 бала тегін тамақтанады, оған негіз болатын құжаттары жинақталған, ауыл әкімдігімен расталған. Оқушылар екі бөлініп тамақтанады: екінші сабақтан кейінгі үзілісте тегін ішетіндер,  үшінші сабақтан кейін ақылы ішетін оқушылар тамақтанады. Медбике меню бойынша күнделікті тамақтың сапасын тексеріп отырады. Тамақтың сапасы бойынша ата-аналардан ешқандай шағым болған жоқ.


6.2 Кітапхана жұмысы


Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапхана жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру,рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту,қорын пайдалану маңызы артып отыр.Себебі,кітапхана оқушыға әдебиет таңдау,оқырмандық қызығушылығын кеңейту,мұғалімге кәсіби өсуге көмектесу,дүниені тануға қозғау салу сынды аса маңызды функцияларды атқарады.Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формаларын білу қажет.

Мақсаты: Кітапхана оқырмандарын  заман талабына сай ақпараттық технологиямен жұмыс жасатуға бейімдетіп, тіл байлығын кеңейтіп, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытуға, оқулықты таза ұстап, кітапты құрметтей білуге тәрбиелеу, мектепте өткізілетін іс-шараларға атсалысу. Білім беру үрдісінде оқушыларға ақпараттық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру жолымен білім сапасын арттыру.

Міндеттері: Кітап қорының жұмыс қалпын сақтап, кітаппен жұмыс сабақтарын  өткізу;

Оқырмандарды отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру;

Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушы дарынын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыландыру;

 Кітапхана жұмысында  мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, мектеп педагогикалық ұжымымен бірлесе даму және қалыптасу консепциясын құру;

 Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұйымдастыру;

 Оқулықтарды күтіп ұстауға, жыл аяғына дейін жақсы дәрежеде өткізу үшін   бақылау шараларын ұйымдастыру.

 Кітапхананың қоғамдық іс-шараларын мектептің алға қойған мақсаттарына сай жүргізу;

Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, танымдылық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту.

Кітапхананың жалпы аумағы 40 м2, оқу залы бар. Кітапқа   арналған кітап сөрелері 16 дана (оқулық сөресі-8, әдеби кітап сөресі-8) көрме сөрелері 4. Сонымен қатар оқырмандарға арналған 4 дана  үстел, 8 орындық бар, кітапхана меңгерушісіне арналған үстел орындығымен. Кітап көрмесіне арналған 2 дана сөре бар. 


     Кітапхана  қоры       


Оқу жылы

Оқулық саны

Көркем әдебиет

Электронды оқулық

Жалпы оқулық саны

2020-2021

2985

2957

92

5942

2021-2022

2914

3080

100

5994

2022-2023

2985

3087

112

6072

Мектеп оқушылары оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Сыныптағы оқушы саны көбейген уақытта аудан бойынша басқа мектептерден қатынас қағазы арқылы уақытша пайдалануға алынады. Мектеп кітапханашысы Хамитова Ардақ Қасымжомартовна, еңбек өтілі 7 жыл. Білімі арнаулы орта, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту». 2016 жылы «Білім беру ұйымының ақпараттық білім беру кеңістігінін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО өткізген курстан өтіп біліктілігін арттырды. Биылғы оқу жылында курска тапсырыс берілді. Атқарылған жұмыстарға талдау:

2022-20223 оқу жылының басында мектептің жалпы тәрбие жоспарын және әдістемелік нұсқаулықты негізге ала отырып мектеп кітапханашысының жылдық жұмыс жоспары жасалынды. Биылғы оқу жылында 2 сынып оқушыларына жаңартылған  бағдарлама бойынша оқулықтар әкелінді  және түгелдей таратылып берілді.

Бірінші сынып оқушыларына   А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген  «Әліппе»   оқулықтары салтанатты түрде  табыс етіледі.

«Ұлттың  ұлы  ұстазы» тақырыбымен  Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығына орай 5 сынып оқушыларымен 9 қыркүйек күні танымдық сабақ өткізілді.Сынып жетекшісі   Елеуханова Ж.Қ оқушыларды А.Байтүрсыновтың өмірбаянымен таныстырып,мектеп кітапханашысы  оқушылар назарына электронды кітап көрмесін ұсынды.Көрме 3 бөлімнен құралған:1 бөлім –Өмірбаяны;2 болім-Шығармалары;3 бөлім-Ақын туралы.Оқушылар электронды көрмені қызыға тамашалады,өздеріне мол мәлімет алды.Мақсаты:Алаштың көрнекті қайраткері ,ағартушы-ғалым,ұлт ұстазы,әліппенің атасы.ақын,әдебиеттанушы,лингвист,публицист А.Байтұрсынұлы туралы кеңінен таныстыру,өмір және еңбек жолын әңгімелеу,үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету. Маралды орта мектебі кітапханасында 25 қазан-Республика күніне орай «Қазақстан –менің Отаным». атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.   Мақсаты:оқушыларды отанын сүюге,мақтаныш тұтуға,туған елінің тарихын,тілін,салт-дәстүрін, Рәміздерін  құрметтеуге тәрбиелеу.

«Оқуға құштар мектеп жобасы »аясында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Маралды орта мектебінде «Мектепке кітап сыйла» акциясы өткізілді.Бұл мерекенің мақсаты-қарапайым және   мейірімге толы.барлық адамзатты кітап оқуға шақыру.Осы оқу жылында мектеп ұстаздары мен оқушылар мектепке 15 кітапты сыйға тартты. Жалппы осы «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында соңғы 3 жылда «Мектепке кітап сыйла » акциясында мектеп кітапханасына 71 дана әдеби сыйға тартылды.

Мектеп оқушыларының көктемгі демалыс кезінде,бос уақытын тиімді,пайдалы өткізу үшін «Әлем әдебиетін бірге оқимыз» тақырыбындағы түрлі кітаптар оқу  ұсынылды. Жас ерекшелігіне қарай әлем классик жазушыларынің балаларға арналған кітаптары таңдалып алынды.

1-4 сынып оқушыларына: Антуан де Сент Экзюперидің «Кішкентай ханзадасы», Ханс Кристиан Андерсонның «Жабайы аққулары», Ағайынды Гримдердің «Ертегілер жинағы», Редъярд Киплингтің «Маугли», Лев Толстойдың «Көктем келді» кітаптары;

5-9 сынып оқушыларына: Айн Рэндтің "Қайнар";

Джек Лондонның – "Мартин Иден";

Марк Твеннің – "Том Сойердің басынан кешкендері";

Герберт Уэлс «Уақыт машинасы»;

Чарльз Диккенс «Оливер Твист» кітаптары;

10-11 сынып оқушыларына :Б.Шоудың «Пигмалион»;

Л.Толстойдың «Анна Каренина»;

Уинстон Черчиллдің «Екінші дүниежүзілік соғыс»;

Д. Лондонның «Мексика ұлы»;

Уильям Шекспирдің «Король Лир» кітаптары ұсынылып, сыныптастарымен, достарымен, отбасымен кітапты бірге оқып, талдап, жаңа білім алып, үнемі ізденіп-үйренуге кеңес берілген. Өздерін оқыған кітаптың кейіпкеріне айналдырып!

Өздеріне ұнаған кейіпкердің суретін салып келуге тапсырма берілген.

Мақсаты: әр оқушы сыныптастарымен, достарымен, отбасымен кітапты бірге оқып, талдап, жаңа білім алып, үнемі ізденіп-үйренуге,әдеби кітаптарды неғұрлым көбірек оқуға бағыттау.

Жыл көлемінде жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп отырды. Жалпы алғанда оқушылардың әсіресе бастауыш сынып пен 5-6 сынып оқушыларының кітапханамен байланысы жақсы деңгейде. 

Келесі оқу жылына ұсыныс: кітапханадағы кітаптар қорын электронды форматқа біртіндеп көшіру, «Оқуға  құштар ұлт,оқуға құштар мектеп» жобасы келесі оқу жылында да жалғастыру. 




6.3 Интернет желісіне қосылу мен техникамен қамтылуы


Мектеп интернетке қосылған, «SkyNet Systems» ЖШС 17.02.2022 №11 келісім шарт жасалған, жылдамдығы 4 Мбит/с кем емес болатын бір қосылу нүктесі бар. Сол нүктеге wi-fi роутер қосу арқылы таратылады. 

Информатика кабинетінде 10+1 нетбук бар, 40 ноутбук бар.  Информатика кабинеттерінде информатика бойынша міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу процесін жүргізуге қажетті, сондай-ақ кабинет базасында өтетін информатика және басқа пәндер бойынша қосымша білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жабдықтар бар. Интернет қажетті ақпаратты іздеу үшін кеңінен қолданылады. Мектепте интерактивті жабдықтары бар кабинеттер: химия, робототехника, биология, ағылшын тілі. Мұғалімдер өз жұмысында интерактивті тақта мен бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Сонымен қатар математика, физика, бастауыш сыныптардың екі кабинеттері проектор және экранмен жабдықталған. Бірақ биология, физика кабинетіндегі, бастауыш сыныптардың кабинетіндегі проекторлардың ескіруіне байланысты істен шыққан. Көрсету сапасы өте нашар.

Мектепте ақпараттық интернет-ресурс жұмыс істейді.  maraldy-kurshim@edu.kz деп тіркелген домендік атауы бар. Ол 18 ақпан 2021 жылы №7 келісім шартпен тіркелген. Келісімшарттың соммасы 19 800 тг. Мектеп сайты http:// maraldy.mektebi.kz/ жұмыс жасайды. Мектепте өтетін әр бір іс шара әлеуметтік желіде де, мектеп сайтында да үнемі жариялап отырады.


Қорытынды:


Өткен оқу жылындағы жетістіктер мен кемшіліктерді талдай келе келесі оқу жылына төмендегідей міндеттер қойылды:

Мақсаты:   

Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.

2023-2024 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:


✓Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету.

✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;

  • жаңа оқу жылында білім сапасы (6,9,10) төмен сыныптарды мектепішілік бақылауға алу.
  • физика, биология  пәндерін мектепішілік бақылауға алу. 

ü Педагог қызметкерлердің әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу, білім беру үрдісінің оң және кері тенденцияларын анықтау, осының негізінде педагогикалық тәжірибелерді таратуға ұсыныстар беру мен кемшіліктерді жою.

  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

ü Оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасау;

  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының деңгейін әлі де көтеру; 
  • Сынып жетекшілердің,тәрбиеге қатысты лауазымды адамдардың құжаттарды  дұрыс жүргізуіне оқулар, көмек ұйымдастыруды жалғастыру;.
  • Қолайсыз отбасыларды жете анықтап, ауыл әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру  мақсатында  сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын үнемі бақылауда ұстау;