29
май
2019
соңғы қоңырау мекрекесі
25 мамыр 2019 жыл мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла , соңғы қоңырау!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиын өткізілді. Биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар мен оқу жылы жалғасатын оқушылар үшін соңғы қоңырау жазғы демалыстың басталғанын білдірсе, алтын ұясынан түлеп ұшқалы отырған түлектер үшін шын мәнісіндегі «соңғы қоңырау».
Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өтетін бұл шара көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайтыны да рас. Өйткені, ақ бантик таққан арулар мен ақ жейделі ұлдар барлық шаһарлар мен өңірлердің сәні мен мәнін келістіретіні сөзсіз. Бұл жиынға 50 жыл бұрын бітіріп кеткен, мекебіміздің түлектері қадірлі қонағы болып, 1 және 11 сынып оқушыларына өздерінің кішігірім сыйлықтарын ұсынды.